О внесении изменений в решение акима сельского округа Бадамша Каргалинского района от 4 апреля 2011 года № 1 «О переименовании улицы Мира села Бадамша в улицу имени Жоныс Укубаева»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима сельского округа Бадамша Каргалинского района от 4 апреля 2011 года № 1 «О переименовании улицы Мира села Бадамша в улицу имени Жоныс Укубаева»
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 1 «Бадамша ауылының Мир көшесін Жоныс Үкібаев атындағы көшесі деп қайта атау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 175
- Қабылданған күні
- 26.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2018 127858_383088.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CFH00186
- ЭКБ идентификаторы
- 127858
- Редакция идентификаторы
- 127858_383088
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:42
0 Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 1 «Бадамша ауылының Мир көшесін Жоныс Үкібаев атындағы көшесі деп қайта атау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Руспубликасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 1 «Бадамша ауылының Мир көшесін Жоныс Үкібаев атындағы көшесі деп қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-121 болып тіркелген, 2011 жылдың 19 мамырда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде «сельского округа Бадамша» сөздері «Бадамшинского сельского округа» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл халқының пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».