О внесении изменений в решение акима Булакского аульного округа от 4 июля 2011 года № 21 «О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Булакского аульного округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Булакского аульного округа от 4 июля 2011 года № 21 «О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Булакского аульного округа»
- Атауы (қаз.)
- Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 21 «Бұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атаулары өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 19.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2015 86388_2282.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CGC04193
- ЭКБ идентификаторы
- 86388
- Редакция идентификаторы
- 86388_2282
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:00
0 Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 21 «Бұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атаулары өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизия және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 21 «Бұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атаулары өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-113 тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Бұлақ ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы»;
шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын.