Құжат мәтініне өту

О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221

Бұйрық · № 06-3/306 · қабылданған 03.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2011-no-221-ekb-59507/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-3/306 ·03.06.2011
05.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221

Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-3/306 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06-3/306
Қабылданған күні
03.06.2011
Көрсетілген редакция
05.08.2015 AI59507_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007023
ЭКБ идентификаторы
59507
Редакция идентификаторы
AI59507_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:15

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (А.А. Буць) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 Тыңайтқыштарды сатып алу-сату шарты

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр                                    А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 06-3/306 бұйрығымен бекітілген
Нысаны
Тыңайтқыштарды сатып алу-сату шарты
______________________________ 20__ жылғы «___» ___________ № ______
(шарт жасалған орын)
Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, ____________________________________
(құжаттың атауы)
негізінде қызмет ететін _______________________  ____________________
(сатушының атауы)       (лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында, бір жағынан және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын,
_____________________________________________ негізінде қызмет ететін
(құжаттың атауы)
_____________________________________________  ______________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)    (лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында, екінші жағынан төмендегідей туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады.

1 1. Жалпы ережелер

1.1 1.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасы негізінде әзірленді.

Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай мағынаны білдіреді:

1 1) сатып алушы – арзандатылған тыңайтқыштар алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – Сатып алушы);

2 2) сатушы – Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Сатушы);

3 3) тауар – тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) барлық түрлері (бұдан әрі – Тауар).

2 2. Шарттың мәні

2.1 2.1. Осы Шарт бойынша Сатушы Тауарды сатуға, ал Сатып алушы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін Тауарды алуға және төлеуге міндеттенеді.

2.2 2.2. Тауардың атауы, көлемі және сапасы осы Шарттың бөлінбейтін бөлігі болып табылатын спецификацияға (Шартқа қосымша) сәйкес айқындалады.

3 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1 3.1. Сатушы:

3.1.1 3.1.1. Осы Шарттың спецификациясында көрсетілген Тауарды Сатып алушыға осы Шарттың шарттарымен Сатып алушы Тауарға толық төлеген сәттен бастап ___ жұмыс күні ішінде беруге міндеттенеді.

3.1.2 3.1.2. _____________________________________ мекен-жайы бойынша Тауарды Сатып алушыға дейін жеткізуді жүзеге асырады.

3.1.3 3.1.3. Сатушының Тауарды беру жөніндегі міндеті Тауарды Сатып алушыға берген сәттен бастап орындалған болып есептеледі.

3.1.4 3.1.4. Сатып алушыға Тауарды берумен бір мезгілде оған жататын құжаттарды (тыңайтқыштың сертификаты немесе сапа паспорты) береді.

3.1.5 3.1.5. Осымен Тауар Сатып алушыға үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарынан бос (тұтқындау мен кепілді қосқанда) беріліп тұрғанын куәландырады.

3.1.6 3.1.6. Сапасыз Тауар үшін төленген ақша сомасын Сатып алушының ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару жолымен қайтаруды жүзеге асырады. Сатып алушыда ағымдағы шот болмаған жағдайда Тауар үшін төленген ақша сомасы қолма-қол есептесу арқылы қайтарылады.

3.2 3.2. Сатып алушы:

3.2.1 3.2.1. Тауарды осы Шарттың шарттарында қабылдауға және өтеуге міндеттенеді.

3.2.2 3.2.2. Тауарды орналастыру үшін орын береді, атап айтқанда: ____________________________________________________________________

3.2.3 3.2.3. Тауарды өтеуді осы Шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

3.2.4 3.2.4. Тауарды Сатушыдан қабылдап алу кезінде Тауардың атауының, көлемінің және сапасының сәйкестігін осы Шарттың спецификациясына сәйкес тексереді.

Тауарды қабылдау нәтижесі бойынша Тараптар Тауарды қабылдау-беру актін жасап, қол қояды. Актіде Тауардың атауы, көлемі және сапасы, Тауардың табылған кемшіліктері көрсетіледі.

3.3 3.3. Сапасыз Тауар табылған жағдайда, егер бұл кемшіліктерді Сатушы айтпаған болса, Сатып алушы Сатушыдан:

1 1) сатып алу бағасын мөлшерлес төмендетуді;

2 2) келісілген мерзімде Тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;

3 3) өзінің Тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсаған шығындарын өтеуді талап етуге құқылы.

3.4

3.4. Тауардың сапасына қойылатын талаптар едәуір бұзылған жағдайда (жойылмайтын кемшіліктер, мөлшерлес емес шығындарсыз немесе уақыт кетірусіз жою мүмкін емес, немесе бірнеше рет айқындалатын не оларды жойғаннан кейін қайта пайда болатын және басқа да ұқсас кемшіліктер табылған жағдайда) Сатып алушы өз таңдауы бойынша:

1 1) Шартты орындаудан бас тартуға және Тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге;

2 2) сапасы дұрыс емес Тауарды Шартқа сәйкес Тауармен алмастыруды талап етуге құқылы.

3.5 3.5. Сатушы Сатып алушыға Тауарды осы Шарттың спецификациясында айқындалғаннан кем көлемде берген жағдайда Сатып алушы Тауардың жетіспейтін көлемін талап етуге немесе берілген Тауардан бас тартуға және төленген ақша сомасын кері қайтаруды талап етуге құқылы.

3.6 3.6. Егер үшінші тұлға осы Шартты орындауға дейін туындаған негіз бойынша Сатып алушыға Тауарды алып қою туралы талап қойған болса, Сатып алушы Сатушыны іске қатысуға тартуға міндетті, ал Сатушы бұл іске Сатып алушы жағынан кірісуге міндетті.

Егер Сатушы іске қатыса отырып сатылған Тауарды Сатып алушыдан алып қоюдың алдын ала алатынын дәлелдей алса, Сатып алушының Сатушыны іске қатысуға тартпауы Сатушыны Сатып алушы алдындағы жауапкершіліктен босатады.

4 4. Бағасы және есептесу тәртібі

4.1 4.1. Спецификацияда көрсетілген тауар үшін Сатып алушы Сатушыға төлеуі тиіс жалпы сома ____________________________ теңгені құрайды және 20 __ жылғы _____________________ дейінгі мерзімде төленеді.

4.2 4.2. Тауардың құнына қосымша құн салығы, орау, таңбалау, тасымалдау құны, республиканың тиісті аймағындағы жеткізу (жіберу) орнына дейінгі көлік шығындары енеді, одан Сатушыға тиесілі субсидия сомасының мөлшері алынып тасталады.

4.3

4.3. Сатып алушы Сатушыға 4.1.-тармағында көрсетілген соманы осы шартқа қол қойған сәттен бастап ___ жұмыс күні ішінде төлейді. Тауарға төлем ақша қаражатын Сатушының есеп-шотына аудару жолымен немесе тікелей Сатушыға қолма-қол ақша беру жолымен жүргізіледі. Тауарға қолма-қол ақшамен төлем жасалған кезде Сатушы Тауарға төлем жасалғанын растайтын құжат береді.

4.4 4.4. Сатып алушы Тауарға төлем жасау жөніндегі міндеттерін белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда Сатушы осы Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

4.5 4.5. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі.

5 5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1 5.1. Сатушы Тауарды беру мерзімдерін бұзған жағдайда Тауарды беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімі келген сәттен бастап әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін Тауар құнының __ % мөлшерінде, бірақ __ %-дан артық емес тұрақсыздық айыбын төлейді.

5.2 5.2. Сатып алушы Тауарға төлем жасау мерзімдерін бұзған жағдайда Тауарды беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімі келген сәттен бастап әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін Тауар құнының __ % мөлшерінде, бірақ __ %-дан артық емес тұрақсыздық айыбын төлейді.

5.3 5.3. Өзге жағдайларда Тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

6 6. Таластарды шешу тәртібі

6.1 6.1. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін таластар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешілетін болады.

6.2 6.2. Таластарды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

7 7. Шарт күшінің мерзімі

7.1 7.1. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптардың міндеттемелерін орындауы аяқталғанға дейін күшінде болады.

7.2 7.2. Шарт бірдей заң күші бар үш данада жасалды.

7.3 7.3. Шарт:

1 1) Тараптардың келісімі;

2 2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құзыретті органдардың шешімі;

3 3) форс-мажорлық жағдайлар бойынша бұзыла алады.

7.4 7.4. Шартты бір жақтан бұзуға жол берілмейді.

8 8. Өзге шарттар

8.1 8.1. Осы Шартқа өзгерістер, қосымшалар және толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және екі Тарап та қол қойған жағдайда ғана күшінде болады.

9 9. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттері

Сатушы Сатып алушы
___________________                       ___________________
Басшы                                      Басшы
МО                                         МО
Тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартына
қосымша
Тыңайтқыштардың спецификациясы
Рет

Ты­ңайт­қыш ата­уы
Ты­ңайт­қы­штың 1 тон­на­сы­ның (лит­рi­нің, ки­ло­гра­мы­ның) то­лық құ­ны, тең­ге
Ты­ңайт­қы­штың 1 тон­на­сы­ның (лит­рi­нің, ки­ло­гра­мы­ның) суб­си­ди­я­лан­ған құ­ны, тең­ге
Са­ты­л­ған (са­тып алын­ған) ты­ңайт­қы­штар­дың жал­пы кө­ле­мі, тон­на (литр, ки­ло­грамм)
Ты­ңайт­қы­штар­дың жал­пы құ­ны, тең­ге (бағ.4х­бағ.5)
1
2
3
4
5
6

Қолданыстағы