О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 "Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 "Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства"
- Атауы (қаз.)
- "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1639
- Қабылданған күні
- 20.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2014 AI69460_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001639
- ЭКБ идентификаторы
- 69460
- Редакция идентификаторы
- AI69460_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:22
0 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасында:
27-тармақта:
1) тармақшаның жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«көпжылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ-нің нақты жер учаскесіне бақтарды, жидектіктерді және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) жұмыс жобасына (бұдан әрі – жұмыс жобасы) сәйкес. Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АШТӨ-нің жер учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі;
АШТӨ-нің штатында «агрономия» немесе «жеміс-көкөніс өсіру» мамандығы бойынша кемінде бір білікті маманның болуы шартымен жүзеге асырылуы тиіс.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) отырғызылуы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған екінші вегетацияның (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен салынғандар үшін), екінші-үшінші вегетацияның (жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен салынғандар үшін), екінші-үшінші-төртінші вегетацияның (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009 - 2011 жылдары дәстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің, ал алманың «Апорт» сорты бойынша екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда, көп жылдық екпелерін өсіру (күту).»;
29-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) агроном (жеміс-көкөніс өсіруші) маманының біліктілігін растайтын куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелерінен тұратын өтінім береді.»;
32-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 5 жұмыс күні ішінде ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, ал төртінші тоқсанда – 1 қарашадан кешіктірмей осы Қағиданың 27-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидияларды алуға АШТӨ тiзбесiн (бұдан әрi – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тiзбе) қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне бекiтуге жiбередi.».
35-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда – тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде жергiлiктi жерге барып:».