Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 "Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства"

Қаулы · № 350 · қабылданған 15.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2011-no-221-ekb-72200/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 "Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства" Күшін жойған Қаулы ·№ 350 ·15.04.2013
23.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 "Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 350 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 "Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства"
Атауы (қаз.)
"Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
350
Қабылданған күні
15.04.2013
Көрсетілген редакция
23.06.2014 AI72200_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000350
ЭКБ идентификаторы
72200
Редакция идентификаторы
AI72200_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:16

0 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) мен гербицидтердің құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн) бөлiнедi.»;
10-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәндi дақылдар (күрiштен, дәндiк жүгерiден, қатты бидайдан, дәнді-бұршақты дақылдардан басқа) бойынша – егiс науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға субсидиялардың базалық нормасы бойынша 100 %. Бұл ретте тұқымды себу үшін пайдалану «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен регламенттеледі.
Осы дақылдар ғылым ұсынған құрамында сүрi жердiң (пар) үлесi бар аймақтық ғылыми негiзделген агротехнологияларды сақтай отырып және (немесе) негізгі элементтерді: егіске дейін топырақты құрамында глифосат бар жаппай қолданылатын гербицидтермен көктемгі егіс алдындағы химиялық өңдеуді, арнайы сепкіштермен немесе нөлдік технологияға сәйкес келетін себушілері бар себу кешендерімен себуді, сабанды міндетті түрде ұсақтау мен біркелкі шашып тастай және аңызды биік қылып қалдыра отырып егін жинауды қамтитын нөлдік технологияларды (no-till) қолдана отырып өсiрiлген жағдайда базалық нормаға қарағанда көбейтiлген субсидия төленедi. Бұл ретте себу Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалық деп танылған сұрыптардың үшінші репродукциясынан кем емес тұқымдармен жүзеге асырылады;»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) майлы дақылдар, күрiш, дәндiк жүгерi, қатты бидай, дәнді-бұршақты дақылдар, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, мақта, көкөнiс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын қоспағанда), жемшөптiк, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер, жемiс-жидек дақылдары, жүзiм және картоп бойынша – егiс науқанының қорытындылары бойынша базалық норма бойынша 1 гектарға 100 % жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша:
50 % - 1 гектарға егіс науқанының қорытындылары бойынша;
50 % - сатылған немесе қант зауытына қайта өңдеуге өткізілген 1 тонна қант қызылшасына (қолда бар қайта өңдеу қуаттарына сәйкес);»;
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша - жылыжайдың түріне байланысты және уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге арналған шығындардың нормативтеріне сәйкес сараланған, алынған өскін қорытындылары бойынша (1 шаршы метрге өнген өскіннің кемінде 95%-ы) әрбір дақыл айналымға бір гектарға көзделген субсидиялар нормалары бойынша жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Дәндi дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден, қатты бидайдан, дәнді-бұршақты дақылдардан басқа) өндiрумен айналысатын АШТӨ базалық нормаға қарағанда көбейтiлген субсидия алушылардың тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағиданың 13-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша:
аймақтық ғылыми негiзделген технологияларды сақтаған жағдайда:
1) аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген тұқымға аттестаттың не тұқымға куәлiктiң көшiрмесiн (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiктердiң және сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалық деп танылған сұрыптардың үшiншi репродукциясынан кем емес тұқымдар себiлген алқаптар ғана субсидиялауға жатады;
2) алдыңғы жылы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасын (сызбасын) (АШТӨ растаған);
3) ағымдағы жылы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасын (сызбасын) (АШТӨ растаған);
осы дақылдарды нөлдік технологияларды (no-till) қолдана отырып өсірген кезде:
1) құрамында глифосат бар гербицидтерді сатып алуды растайтын құжаттардың (құрамында глифосат бар гербицидтерді жеткізу шарты, төлем құжаттары, тауар-көліктік жүкқұжаттар) көшірмелерін;
2) АШТӨ басшысы қол қойған құрамында глифосат бар гербицидтерді енгізу есебін ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:
«14-1. 1 тонна өндірілген қант қызылшасына субсидиялар алу үшін АШТӨ бөлімге мынадай құжаттарды:
1) қант қызылшасын қабылдау актісін қоса бере отырып, қант зауытымен қант қызылшасын сатып алу-сату бойынша шарттың (сатылған кезде) көшірмесін;
2) төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) (қант қызылшасын қант зауытына сатқан кезде) көшірмелерін;
3) қабылдау актісін қоса бере отырып, алыс-беріс қант қызылшасын (қайта өңдеуге өткізген кезде) қайта өңдеу қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмесін ұсынады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының) әкiмдерi бекiткен тiзiмдi, қабылдау актiлерiн және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың болуы туралы банк анықтамасын бір данада ұсынады.»;
25-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылғы 15 тамызға дейін жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
«40-1. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылғы 5 желтоқсанға дейін жүзеге асырады.»;
6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) және гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды төлеу тәртiбi
66. Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) мен гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидиялар:
1) ағымдағы жылы отандық тыңайтқыш өндiрушiлер (бұдан әрi – өндiрушi) сатқан тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;
2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден (бұдан әрi – шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлер) сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;
3) тыңайтқыштарды өткен жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;
4) гербицидтерді ағымдағы жылы және өткен жылғы 4-тоқсанда сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.
67. Мыналар:
1) өндiрушi – Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Тыңайтқыш өндiрушiлердiң тiзбесiн облыстың (Астана қаласының) жергiлiктi атқарушы органының сұрауы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкiлеттi орган бередi;
2) тыңайтқыш жеткiзушi – тыңайтқыш сатуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға тыңайтқыш сатушылар болып табылады.
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) сатуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар гербицид жеткiзушiлер болып табылады.
68. Тыңайтқыштар мен гербицидтердiң құнына қосымша құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары кiредi.
69. Бюджеттік субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштар мен гербицидтердің 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларына сәйкес мына мөлшерде беріледі:
1) отандық өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде – субсидиялар сатылған тыңайтқыш құнының 50 %-ына дейінгі мөлшерде өндірушіге төленеді;
2) отандық өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде – субсидиялар сатылған гербицид құнының 50 %-ына дейінгі мөлшерде АШТӨ-ге төленеді;
3) шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын және (немесе) гербицидтерін сатып алған кезде – субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштар және (немесе) гербицид құнының 30 %-ына дейінгі мөлшерде АШТӨ-ге төленеді.
Бұл ретте осы Қағиданың 8-тармағының 4) тармақшасында көзделген тыңайтқыштар мен гербицидтер түрлеріне арналған субсидия нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндірістік тыңайтқыштары мен гербицидтеріне арналған субсидия мөлшер арасындағы айырмашылық осы Қағиданың 69-тармағында белгіленген айырмашылыққа бара-бар сәйкес болуы тиіс.
70. Өндіруші мен АШТӨ-нің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төленген субсидияларды өтеп алуына негіз болып табылады.»;
71-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кедендiк жүк декларациясының, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың, шот-фактураның (инвойс) көшiрмелерiн (телнұсқаларын) (тыңайтқыштарды және (немесе) гербицидтерді шетелдiк тыңайтқыш және (немесе) гербицид өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ үшiн);»;
8) тармақшадағы «көшірмелерін ұсынады.» деген сөздер «көшірмелерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) гербицидтер жеткізушілер лицензияларының көшiрмелерiн (гербицид сатып алған АШТӨ үшiн);
10) осы Қағидаға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштар мен гербицидтерді ғылыми ұсынылған қолдану нормаларына сәйкес тыңайтылған немесе өңделген алқапты көрсете отырып, АШТӨ-нің тыңайтқыштар мен гербицидтерді мақсатты пайдаланғаны туралы анықтама-есепті ұсынады.»;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. Осы Қағиданың 69-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес субсидиялар алатын, тыңайтқыштар мен гербицидтер құнының кемiнде 50 %-ын төлеген АШТӨ бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзiледi.
Бұл ретте АШТӨ осы Қағиданың 71-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша ВАК-тың жұмыс органына iшiнара төленгенiн растайтын төлем құжаттарының (кассалық кiрiс ордерi, банктiң төлем тапсырмасы) көшiрмелерiн ұсынады.
АШТӨ қалған сомаға төлем құжаттарының (кассалық кiрiс ордерi, банктiң төлем тапсырмасы) көшiрмелерiн, тыңайтқыштарды және (немесе) гербицидтердi алуға сенiмхаттың түпнұсқасын құнын толық төлегеннен кейiн, бiрақ бюджеттiк субсидияларды алған күннен бастап 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ВАК-тың жұмыс органына ұсынады. Осы Қағиданың 72-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда, АШТӨ алынған бюджеттiк субсидияларды басқарманың есеп айырысу шотына аудару жолымен қайтарады.»;
80-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ағымдағы жылы және өткен жылғы 4-тоқсанда гербицидтер жеткізушіден сатып алынған гербицидтер шығындарын өтеуге арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды.»;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын, ағымдағы айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
Бұл ретте тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылғы 20 желтоқсанға дейін жүзеге асырады.»;
көрсетілген Қағидаға 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаға 18-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаға 19 және 20-қосымшалар осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар алуға ____________ ауданының, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тiзiмi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 350 қаулысына
1-қосымша
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруға жергiлiктi бюджеттерден
субсидиялау қағидасына
4-қосымша
«Бекiтемiн»
________________________________________
(облыстың атауы)
________________________________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың,
Астана және Алматы қалаларының) әкiмi
________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)
20  жылғы «  »
Жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар алуға ____________ ауданының, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тiзiмi
Р/с

АШТӨ ата­уы
Ба­сым ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ата­уы
ВАК ак­ті­сі­мен қа­был­дан­ған егі­стік ала­ңы, га (өн­ді­рі­л­ген өнім­нің кө­ле­мі, тон­на­мен)
1 гек­тар­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі, (1 тон­на­ға) тең­ге
Тө­ле­ну­ге тиiс бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар кө­ле­мi, тең­ге
(4-бағ. х 5-бағ.)
1
2
3
4
5
6
ВАК төрағасы __________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
____________ ауданының _______________ бөлiмi _________________
(қолы, Т.А.Ә.)
МО
ВАК мүшелерi:
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)

2 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 350 қаулысына
2-қосымша
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруға жергiлiктi бюджеттерден
субсидиялау қағидасына
5-қосымша
«Бекiтемiн»
____________________________
(басқарма бастығы)
____________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)
20   жылғы «  »
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Р/с

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер­дің, ли­зинг бе­ру­ші­лер­дің ата­уы
Ба­сым ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ата­уы
ВАК ак­ті­сі­мен қа­был­дан­ған егі­стік ала­ңы, га (өн­ді­рі­л­ген өнім­нің кө­ле­мі, тон­на­мен)
1 гек­тар­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі, (1 тон­на­ға) тең­ге
Тө­ле­нуі тиiс бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар кө­ле­мi, тең­ге
(4-бағ. х 5-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Басқарманың қаржы бөлiмiнiң бастығы
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Бөлiм бастығы
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)

3 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тыңайтқыштар мен гербицидтерді мақсатты пайдаланғаны туралы анықтама-есеп _____________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 350 қаулысына
3-қосымша
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруға жергiлiктi бюджеттерден
субсидиялау қағидасына
18-1-қосымша
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тыңайтқыштар мен гербицидтерді мақсатты пайдаланғаны туралы анықтама-есеп _____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қы­лы­ның ата­уы
Ал­қа­бы, га
Ты­ңайт­қы­штар мен гер­би­цид­тер­ді 1 га-ға ғы­лы­ми ұсы­ны­л­ған қол­да­ну нор­ма­ла­ры
Ты­ңай­ты­л­ған ал­қап, га
Өң­дел­ген ал­қап, га
Ты­ңайт­қыш тү­рі, (кг, литр)
Гер­би­цид тү­рі, (кг, литр)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші: ____________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20__ ж. «___» ___________________
М.О.

4 Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 350 қаулысына
4-қосымша
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруға жергiлiктi бюджеттерден
субсидиялау қағидасына
19-қосымша
«Бекiтемiн»
Аудан (қала) әкiмi
________________________________
(Т.А.Ә., мөрi)
20__ жылғы «___» _______________
Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi

1 1) тыңайтқыш өндiрушiден 20__ жылы арзандатылған тыңайтқыштар сатып алу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Жет­кi­зу (жi­бе­ру) пунк­тi
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып ала­тын ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (кг, л)
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
Жиы­ны:

2 2) тыңайтқыш жеткiзушiден 20__ жылы сатып алынған тыңайтқыштар үшiн шығынды өтеу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (кг, л)
Ты­ңайт­қыш тон­на­сы­ның (кг, л) құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:

3 3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден 20__ жылы немесе 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштар үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (кг, л)
1 тон­на (кг, л) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:

4 4) тыңайтқыш өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштар үшiн шығынды өтеу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (кг, л)
1 тон­на (кг, л) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:

5 5) 20__ жылы немесе 20__ жылғы 4-тоқсанда гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтер шығынын өтеу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Гер­би­цид түрi
Са­тып алын­ған гер­би­цид кө­ле­мi, кг (л)
1 ки­ло­грамм (л) гер­би­цид құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:
ВАК төрағасы _________ _________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
ВАК мүшелері _________ _________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_________ _________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.

5 Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң жиынтық тiзiлiмi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 350 қаулысына
5-қосымша
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруға жергiлiктi бюджеттерден
субсидиялау қағидасына
20-қосымша
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң жиынтық тiзiлiмi

1 1) тыңайтқыш өндiрушiден 20__ жылы арзандатылған тыңайтқыштар сатып алу үшiн

Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Жет­кi­зу (жi­бе­ру) пунк­тi
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алы­на­тын ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (кг, л)
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:

2 2) тыңайтқыш жеткiзушiден 20__ жылы сатып алынған тыңайтқыштар үшiн шығынды өтеу үшiн

Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (кг, л)
1 тон­на (кг, л) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:

3 3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден 20__ жылы немесе 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштар үшiн шығынды өтеу үшiн

Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (кг, л)
1 тон­на (кг, л) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:

4 4) өндiрушiден және (немесе) жеткiзушiден 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштар үшiн шығынды өтеу үшiн

Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (кг, л)
1 тон­на (кг, л) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:

5 5) 20__ жылы немесе 20__ жылғы 4-тоқсанда гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтер шығынын өтеу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Гер­би­цид түрi
Са­тып алын­ған гер­би­цид кө­ле­мi, кг (л)
1 ки­ло­грамм (л) гер­би­цид құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:
Басқарманың құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ________________
(Т.А.Ә., қолы)

Қолданыстағы