О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 222 «Об утверждении Правил разработки и согласования Генеральной схемы организации территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 222 «Об утверждении Правил разработки и согласования Генеральной схемы организации территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 666
- Қабылданған күні
- 05.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2016 107423_120979.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000666
- ЭКБ идентификаторы
- 107423
- Редакция идентификаторы
- 107423_120979
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:21
0 «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың
бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бас схеманың кешенді әзірленуін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен уәкілетті орган қамтамасыз етеді. Бас схема Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, экология, стратегиялық жоспарлау саласындағы заңнаманың негізінде, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді, шектес мемлекеттердің аумақтық және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен әлемдік үрдістерді есепке ала отырып әзірленеді.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және шаруашылық қызметтің, республикалық маңызы бар көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі ережелерін;»;
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның схемалары мен даму жобалары;»;
17-тармақ алып тасталсын.