Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата района от 4 июля 2012 года N 210 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Ескельдинскому району"

Қаулы · № 17 · қабылданған 28.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2012-n-210-ekb-71201/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата района от 4 июля 2012 года N 210 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Ескельдинскому району" Күшін жойған Қаулы ·№ 17 ·28.01.2013
23.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата района от 4 июля 2012 года N 210 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Ескельдинскому району"

Күшін жойған Қаулы ·№ 17 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата района от 4 июля 2012 года N 210 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Ескельдинскому району"
Атауы (қаз.)
Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі N 210 "Ескелді ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
28.01.2013
Көрсетілген редакция
23.04.2024 I71201_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13DI002305
ЭКБ идентификаторы
71201
Редакция идентификаторы
I71201_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:53

0 Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі N 210 "Ескелді ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" N 964 қаулысына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі N 210 "Ескелді ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 20 шілдеде N 2-9-140 тіркелген, аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде 2012 жылғы 10 тамыздағы 32 нөмірімен жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) Аталған қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:

"Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы".

2 2) Аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

"Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін".

3 3) Аталған қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

2

2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Ескелді аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін".

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қаирғали Айтжанұлы Әлібаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы                                    Есболған Есенбаевич Тұрсынбаев
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                        Бауыржан Шакарбекович Смаилов
28 қаңтар 2013 жыл

Қолданыстағы