О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2012 года № 1140 "О создании Межведомственной комиссии по вопросам совершенствования разрешительной системы и некоторых вопросах организации ее работы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2012 года № 1140 "О создании Межведомственной комиссии по вопросам совершенствования разрешительной системы и некоторых вопросах организации ее работы"
- Атауы (қаз.)
- "Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1263
- Қабылданған күні
- 28.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2018 84792_686475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001263
- ЭКБ идентификаторы
- 84792
- Редакция идентификаторы
- 84792_686475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:46
0 "Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;»;
көрсетілген Ережеге қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларды түгендеуді мониторингтеу мен үйлестіруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) жүзеге асырады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҰЭМ) рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларын түгендеу жөніндегі сараптамалық топ (бұдан әрі – СТ) құрамын қалыптастырады және ВАК-қа келісуге ұсынады.»;
10, 11, 12, 13 және 20-тармақтардағы «ӨДМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.