Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1546 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства»

Қаулы · № 407 · қабылданған 20.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2012-no-1546-ekb-168982/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1546 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства» Қолданыста Қаулы ·№ 407 ·20.06.2022
20.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1546 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства»

Қолданыста Қаулы ·№ 407 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1546 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
407
Қабылданған күні
20.06.2022
Көрсетілген редакция
20.06.2022 168982_580188.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000407
ЭКБ идентификаторы
168982
Редакция идентификаторы
168982_580188
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:22

0 «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
8-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) базалық қадағалау – жыл сайынғы ақпарат жинау, оның нәтижесінде талдау жасалуға тиіс мониторинг объектілерінің тізбесі айқындалады;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
10) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам мен акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
11) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.»;
«Мониторингті ұйымдастыру тәртібі» деген 2-тарауда:
14-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторингті ұйымдастыру мақсатында тексеріп-қарауды жүргізу кезеңділігін, мерзімін және мониторинг объектілерінің тізбесін мынадай өлшемшарттар негізінде айқындайды:
1) пайда алуды жоспарлаған, бірақ есепті жылдың қорытындысы бойынша шығынға ұшыраған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар;
2) есепті жылдың қорытындысы бойынша шығыны жоспарланған шығыннан асып кеткен мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар.»;
«Коммуналдық мүлік объектілеріне мониторингті жүзеге асыру тәртібі» деген 3-тарауда:
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ коммуналдық мүлікті, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін базалық кешенді тексеру;»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшылары әкімшілік не қылмыстық құқық бұзушылық белгісі жоқ шығынға не жоспарланғаннан артық шығынға әкелген даму жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мониторинг нәтижелері бойынша қалыптастырылған есеп пен тәуелсіз сарапшылардың ұсынымдарын назарға ала отырып, мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім шығарады.
Егер мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) пайызы 100 % (жүз пайыздан) аз болса, онда мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органының басшыларына тәртіптік жаза қолдану мәселесі және ол туралы шешім қабылдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Директорлар кеңесінің отырысына және (немесе) акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына шығарылады.»;
«Республикалық мүлік объектілеріне мониторингті жүзеге асыру тәртібі» деген 4-тарауда:
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті базалық кешенді тексеру;»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, ұлттық басқарушы холдингтердің, басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшылары әкімшілік не қылмыстық құқық бұзушылық белгісі жоқ шығынға не жоспарланғаннан артық шығынға әкелген даму жоспарының немесе іс-шаралар жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган мониторинг нәтижесі бойынша жасалған талдау мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынымын назарға алып, мемлекеттік кәсіпорынның басшысына, ұлттық басқарушы холдингтердің, басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшыларына, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органының басшысына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім шығарады.
Егер мемлекет қатысатын заңды тұлғалар дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) пайызы 100 % (жүз пайыздан) аз болса, онда мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органының басшыларына тәртіптік жаза қолдану мәселесі және ол туралы шешім қабылдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Директорлар кеңесінің отырысына және (немесе) акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына шығарылады.».

2

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдары басшыларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының еңбек шарттарына осы қаулыдан туындайтын өзгерістерді енгізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы