О внесении изменений и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 168-ө-м «Об утверждении Правил исчисления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни или здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 168-ө-м «Об утверждении Правил исчисления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни или здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства»
- Атауы (қаз.)
- "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 310
- Қабылданған күні
- 11.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2014 AI85845_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400010044
- ЭКБ идентификаторы
- 85845
- Редакция идентификаторы
- AI85845_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:36
0
"Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7706 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2012 жылғы № 11 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi есептеу қағидасында:
4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейін есептеу (ЕТЖжинақ) белгілі бір жылдардағы ең төменгi жалақының өсу коэффициенттерін мынадай формула бойынша көбейту арқылы жүргізіледі:
мұндағы ЕТЖn – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері;
n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі жыл;
(n + x) – ай сайынғы төлемді тағайындауға өтініш білдірген (қайта есептеген) жыл.
Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.
5. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ), ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ЕТЖжинаққа көбейту арқылы айқындалады:
АТ = АСТМ * ЕТЖжинақ
7-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АТ алушылары болып табылатын, АТ мөлшері тұтыну бағалары индексiнің жинақталған деңгейі ескерiле отырып айқындалған азаматтарға АТ-ның тағайындалған сомаларын қайта есептеу ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейінің есебіне байланысты 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жүрізіледі.
Бұл ретте АТ-ның арттырылған мөлшерi алып жүрген ағымдағы АТ мөлшерiнен төмен болмайды. Егер ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейінің есебінен айқындалған АТ мөлшері ағымдағы АТ-дан төмен болса, онда АТ-ның ағымдағы мөлшерi сақталады.».