О внесении изменения и дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 198 "Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 198 "Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на подготовительные отделения высших учебных заведений"
- Атауы (қаз.)
- "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 353
- Қабылданған күні
- 23.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2016 AI74623_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008733
- ЭКБ идентификаторы
- 74623
- Редакция идентификаторы
- AI74623_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:26
0
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 2 маусымдағы № 7690 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 318-319 (27393) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
Қатысуға өтініш берген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.
Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органға немесе ЖАО-ға мынадай құжаттар пакетін ұсынады:
1) еркін нысанда комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) берілген СТН-мен бірге белгіленген үлгідегі заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмелері;
3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (тікелей басқару) құжаттардың көшірмелері;
4) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныс.»;
келесі мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемдерді, сондай-ақ мынадай растайтын ақпаратты басшылыққа алады:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;
2) басқа қаладан келген білім алушылардың тұруын қамтамасыз етуге арналған жағдайлардың болуы (жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері);
3) еңбекпен қамтылған және жұмысқа орналасқан бітірушілер үлесі - жалпы бітірушілер санынан кемінде 78 % (бұйрықтардың, жұмысқа орналастыру туралы жеке шарттардың көшірмелері, жұмыспен қамтылудың түрлері бойынша анықтама);
4) практикадан өту үшін білім алушыларға жұмыс орнын ұсыну бойынша кәсіпорындармен шарттардың болуы.
Уәкілетті орган және ЖАО конкурсты өткізу мерзімін анықтайды, комиссияны құрады және оның құрамын бекітеді. Мемлекеттік тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамына салалық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия шешімінің негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізімін бекітіледі.».