Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2012 года № 204 "Об утверждении Правил выполнения гарантий государства получателям пенсионных выплат по сохранности обязательных пенсионных взносов в накопительных пенсионных фондах в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции на момент приобретения получателем права на пенсионные выплаты"

Қаулы · № 1383 · қабылданған 31.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2012-no-204/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2012 года № 204 "Об утверждении Правил выполнения гарантий государства получателям пенсионных выплат по сохранности обязательных пенсионных взносов в накопительных пенсионных фондах в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции на момент приобретения получателем права на пенсионные выплаты" Күшін жойған Қаулы ·№ 1383 ·31.10.2012
12.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2012 года № 204 "Об утверждении Правил выполнения гарантий государства получателям пенсионных выплат по сохранности обязательных пенсионных взносов в накопительных пенсионных фондах в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции на момент приобретения получателем права на пенсионные выплаты"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1383 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2012 года № 204 "Об утверждении Правил выполнения гарантий государства получателям пенсионных выплат по сохранности обязательных пенсионных взносов в накопительных пенсионных фондах в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции на момент приобретения получателем права на пенсионные выплаты"
Атауы (қаз.)
"Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1383
Қабылданған күні
31.10.2012
Көрсетілген редакция
12.02.2013 AI68337_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001383
ЭКБ идентификаторы
68337
Редакция идентификаторы
AI68337_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:02

0

"Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 421-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларында:

2 2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Зейнетақы жинақтарын алған және кейін міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына қайта аударған жағдайда зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарын бастапқы алған күнге белгіленеді.»;

6 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

6 «6. Өтінішке айырма төлемін алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:

1 1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, паспортының, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының) көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2 2) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәліктің көшірмесі;

3 3) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;

4 4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі;

5 5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) куәлігінің көшірмесі.

Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы мен өзге де төлемдерді алушы өтініш берген жағдайда, өтінішке осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген нысандар бойынша ақпарат қана қоса беріледі, олар Орталықтан берілетін зейнетақы немесе өзге де төлемдер бойынша істер макеттеріне жинақталады.
Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) пошта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген өкіл арқылы берген кезде:

азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлігінің көшірмелері;
осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;

2 2) алушы өзі өтініш берген кезде:

азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат.
Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3 3) алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4 4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі.»;

9 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

9 «9. Сенім білдірілген өкіл айырма төлемін тағайындау туралы өтініш берген кезде ол осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:

1 1) сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін оның түпнұсқасын;

2 2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі қамтылса) ұсынады.

Сенім білдірілген өкілдің айырма төлемін алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі оның өзі келген кезде жүзеге асырылады.»;

11 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

11 «11. Қорлар сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметті Орталыққа электронды форматта ұсынады.»;

2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер _______________________________________________________ Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1383 қаулысына
қосымша
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына
2-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер _______________________________________________________ Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
Өті­нім­нің №
Са­лым­шы­ның
Т.А.Ә
Са­лым­шы­ның ту­ған кү­ні
Са­лым­шы­ның
ӘЖК
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын алу құқы­ғы­на ие болған күн­гі (кү­ні, айы, жы­лы) зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның жал­пы со­ма­сы
Бі­рін­ші рет алу кү­ні
Бі­рін­ші рет алу сәт­ін­де­гі зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы
Бі­рін­ші рет алу­дың се­бе­бі
1
2
3
4
5
6
7
8
М.О. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының директоры
_______________________________________________________
(Т.А.Ә.)                               (қолы)
М.О. Жинақтаушы зейнетақы қорының маманы
_______________________________________________________
(Т.А.Ә.)                               (қолы)

Қолданыстағы