Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2013 года № 1055 "Об утверждении Правил взимания и ставок платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования районного значения, на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках и на транспортных средствах, зарегистрированных в районе"

Қаулы · № 532 · қабылданған 22.05.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2013-no-1055-ekb-79903/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2013 года № 1055 "Об утверждении Правил взимания и ставок платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования районного значения, на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках и на транспортных средствах, зарегистрированных в районе" Қолданыста Қаулы ·№ 532 ·22.05.2014
22.05.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2013 года № 1055 "Об утверждении Правил взимания и ставок платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования районного значения, на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках и на транспортных средствах, зарегистрированных в районе"

Қолданыста Қаулы ·№ 532 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2013 года № 1055 "Об утверждении Правил взимания и ставок платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования районного значения, на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках и на транспортных средствах, зарегистрированных в районе"
Атауы (қаз.)
"Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидаларын және мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
532
Қабылданған күні
22.05.2014
Көрсетілген редакция
22.05.2014 AI79903_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000532
ЭКБ идентификаторы
79903
Редакция идентификаторы
AI79903_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:37

0

"Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидаларын және мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидаларын және мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 797-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлемелерін бекіту туралы»;

2 2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1 «1. Қоса беріліп отырған:

1

1) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары;

2

2) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.».

3

3) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4

4) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және а

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 532 қаулысына
1-қосымша
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары

1 1. Негізгі ережелер

1

1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2

2. Қағидалар сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жән

е ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі

3

3. Төленетін ақының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган және автомобиль жолдарын басқару жөнiндегi ұлттық оператор белгілі бір мерзімге беретін рұқсат беру құжатында белгіленген төлемақы мөлшерлемелері мен жарнама объектісін орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем болмайды.

4 4. Төлемақыны төлеу:

1

1) автомобиль жолдарын басқару жөнiндегi ұлттық оператор беретін құжат негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағының шегінде республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырған кезде;

2

2) облыстың жергілікті атқарушы органы беретін құжат негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағының шегінде облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырған кезде;

3 3) ауданның жергілікті атқарушы органы беретін құжат негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырған кезде;

4 4) ауданның жергілікті атқарушы органы беретін рұқсат негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырған кезде;

5 5) ауданның жергілікті атқарушы органы беретін рұқсат негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырған кезде жүргізіледі.

5

5. Төлемақы сомасы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төленеді.

6 6. Егер осы Қағидалардың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, күнтізбелік бір ай үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жазылуға тиіс төлемақы сомасы келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей төленеді.

Төленген төлемақы сомалары қайтаруға жатпайды.

7 7. Тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу мен жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жазу үшін негіз болып табылады.

Бұл ретте төлемақы төлеушілер рұқсат беру құжатынсыз сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактісі анықталған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бір күнтізбелік айға айқындаған мөлшерлемелер бойынша төлемақы төлеуді жүргізеді.

8 8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы төлеушілер рұқсат беру құжатын алған кезде жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жазылғанын растайтын құжатты ұсынады.

2 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және а

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 532 қаулысына
2-қосымша
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

1 1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

2 2. Мына жерлерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері:

1

1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жарнама объектісінің ауданы мен орналастыратын жері негізге алына отырып белгіленеді:
Р/с

Жар­на­ма түр­ле­рі
Жы­л­жы­май­тын объ­ек­ті­лер­ге тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі
(бір жа­ғы үшін)
(АЕК)
1
2
3
1.
Ауда­ны 2 ш.м дей­ін сі­л­те­ме­лер, маң­дай­ша­лар, ақ­па­рат­тық қал­қан­дар (бір объ­ек­ті үшін)
0
2.
Лайт­бокстар (си­ти-фор­мат­та­ғы)
1
3.
Ауда­ны мы­на­дай бо­ла­тын жар­на­ма­лық-ақ­па­рат­тық объ­ек­ті­лер:
1)
2-ден 5 ш.м дей­ін
1
2)
5-тен 10 ш.м дей­ін
2
3)
10-нан 20 ш.м дей­ін
3
4)
20-дан 30 ш.м дей­ін
5
5)
30-дан 50 ш.м дей­ін
7
6)
50-ден 70 ш.м дей­ін
12
7)
70 ш.м астам
25
4.
Ша­ты­рү­сті неон­ды жар­на­ма кон­струк­ци­я­ла­ры (жа­рық-ди­на­ми­ка­лық пан­но неме­се кө­лем­ді неон­ды әріп­тер):
1)
30 ш.м дей­ін
6
2)
30 ш.м астам
8
5.
Па­лат­ка­лар­да­ғы, тент­тер­де­гі, ша­тыр­лар­да­ғы, ба­стыр­ма­лар­да­ғы, қал­қа-ша­тыр­лар­да­ғы, ту­лар­да­ғы, жа­ла­у­ша­лар­да­ғы, штан­дарт­тар­да­ғы жар­на­ма:
1)
5 ш.м дей­ін
0
2)
5-тен 10 ш.м дей­ін
0
3)
10 ш.м астам
1
6.
Уа­қыт­ша тұр­пат­та­ғы дүң­гір­шек­тер мен па­ви­льон­дар­да­ғы жар­на­ма:
1)
2 ш.м дей­ін
0
2)
2-ден 5 ш.м дей­ін
0
3)
5-тен 10 ш.м дей­ін
1
4)
10 ш.м астам
2
7.
Жар­на­ма­лық жай­ма кон­струк­ци­я­лар (штен­дер­лер)
1

2 2) көлік құралдарында жарнама объектісінің ауданы мен орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:

Р/с

Жар­на­ма түр­ле­рі
Аудан­да тір­кел­ген жы­л­жы­май­тын объ­ек­ті­лер­ге тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі
(бір жа­ғы үшін)
(АЕК)
1
2
3
1.
Кө­лік құ­ра­лы­ның сырт­қы жа­ғын­да­ғы жар­на­ма (бір кө­лік құ­ра­лы үшін):
1)
ав­то­бу­стар­да­ғы, трол­лей­бу­стар­да­ғы, трам­вай­лар­да­ғы, жүк ма­ши­на­ла­рын­да­ғы, ар­найы ав­то­мо­биль­дер­де­гі (жүк­кө­тер­гіш­ті­гі 1,5 тон­на­дан астам), өзді­гі­нен жү­ре­тін ма­ши­на­лар мен ме­ха­низмдер­де­гі
2
2)
ша­ғын ав­то­бу­стар­да­ғы, так­си­лер­де­гі, же­ңіл ав­то­мо­биль­дер­де­гі (жүк­кө­тер­гіш­ті­гі 1,5 тон­на­ға дей­ін)
1
2.
Ав­то­мо­биль­дік кө­лік құ­ра­лын­да ор­на­ты­л­ған кон­струк­ци­я­лар­да­ғы жар­на­ма (пан­но, қал­қан­дар, лайт­бокс­тер және т.б.), бір жа­ғы үшін:
1)
2 ш.м дей­ін
1
2)
2-ден 5 ш.м дей­ін
2
3)
5-тен 10 ш.м дей­ін
5
4)
10-нан 20 ш.м дей­ін
7
5)
20-дан 40 ш.м дей­ін
20
6)
40 ш.м астам
25

Қолданыстағы