Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карасуского района от 4 ноября 2013 года № 243 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности"

Қаулы · № 157 · қабылданған 19.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2013-no-243-ekb-81115/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карасуского района от 4 ноября 2013 года № 243 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности" Күшін жойған Қаулы ·№ 157 ·19.06.2014
21.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карасуского района от 4 ноября 2013 года № 243 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 157 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карасуского района от 4 ноября 2013 года № 243 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности"
Атауы (қаз.)
Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт амандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
157
Қабылданған күні
19.06.2014
Көрсетілген редакция
21.01.2016 81115_117981.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NM004911
ЭКБ идентификаторы
81115
Редакция идентификаторы
81115_117981
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:22

0 Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт амандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 1-тармағы 2)-тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лаузымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда "Қарасу өнірі" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
2) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын.";
3) қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";
4) қаулы қосымшасының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
"3) жұмыспен қамту орталығының маманы.";
5) қаулы қосымшасы мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) мал дәрігері;
2) мал фельдшері.".

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Т.К. Бекмағанбетовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қарасу аудандық
маслихаттың хатшысы
__________ С. Қазиев

Қолданыстағы