Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Жаркаинского районного маслихата от 4 ноября 2013 года № 5С-27/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»

Ереже · № 6С-3/5 · қабылданған 25.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2013-no-5-273-ekb-102629/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Жаркаинского районного маслихата от 4 ноября 2013 года № 5С-27/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 6С-3/5 ·25.04.2016
26.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Жаркаинского районного маслихата от 4 ноября 2013 года № 5С-27/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 6С-3/5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Жаркаинского районного маслихата от 4 ноября 2013 года № 5С-27/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»
Атауы (қаз.)
«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-3/5
Қабылданған күні
25.04.2016
Көрсетілген редакция
26.03.2018 102629_314322.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BL005361
ЭКБ идентификаторы
102629
Редакция идентификаторы
102629_314322
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:26

0 «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
2 тармақтың 9 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Жарқайың аудандық бөлімшесі;»;
9 тармақтың 11 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге.»;
11 тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық стационарда арнайы ем алудан өткен өтініш бойынша онкологиялық ауруларға - азаматтың (отбасының) жан басына шыққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
11 тармақтың 3 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
««Жарқайың ауданының орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу үшін - азаматтың (отбасының) жан басына шыққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
келесі мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
«Жоғары медициналық оқу мекемелерінде оқитын жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгідетері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге - «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарттың, оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтама және көрсетілген топқа жататындығын растайтын анықтама негізінде өтініш бойынша жылына бір рет оқудың шығынын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде төленеді.»;
27 тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі
А. Үйсімбаев
25.04.2016

Қолданыстағы