О внесении изменений в решение районного маслихата от 4 ноября 2013 года № 5С-27/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 4 ноября 2013 года № 5С-27/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-31/2
- Қабылданған күні
- 19.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2018 77890_314324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BL004030
- ЭКБ идентификаторы
- 77890
- Редакция идентификаторы
- 77890_314324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:50
0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына, аудан әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 01-54 хатына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 Жарқайың аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
12 тармақтың екінші азат жолындағы «облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен» сөздері алынып тасталсын;
13 тармақтағы «облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен» сөздері алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев