Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении черты бедности на 4 квартал 2014 года

Бұйрық · № 73 · қабылданған 11.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2014-ekb-83443/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об определении черты бедности на 4 квартал 2014 года Күшін жойған Бұйрық ·№ 73 ·11.09.2014
15.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении черты бедности на 4 квартал 2014 года

Күшін жойған Бұйрық ·№ 73 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении черты бедности на 4 квартал 2014 года
Атауы (қаз.)
2014 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
11.09.2014
Көрсетілген редакция
15.12.2014 AI83443_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009745
ЭКБ идентификаторы
83443
Редакция идентификаторы
AI83443_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:37

0 2014 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы 4 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2014 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2014 жылғы 17 маусымдағы № 267-Ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9539 тіркелген және 2014 жылғы 19 шілдедегі № 139 (27760) «Казахстанская правда» газетінде, 2014 жылғы 19 шілдедегі № 139 (28363) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Әлеуметтік көмек департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы