Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 4 апреля 2014 года № 104-Ө «Об утверждении Правил подготовки биологического обоснования на пользование животным миром»

Бұйрық · № 284 · қабылданған 04.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2014-no-104-ekb-114090/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 4 апреля 2014 года № 104-Ө «Об утверждении Правил подготовки биологического обоснования на пользование животным миром» Қолданыста Бұйрық ·№ 284 ·04.07.2017
04.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 4 апреля 2014 года № 104-Ө «Об утверждении Правил подготовки биологического обоснования на пользование животным миром»

Қолданыста Бұйрық ·№ 284 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 4 апреля 2014 года № 104-Ө «Об утверждении Правил подготовки биологического обоснования на пользование животным миром»
Атауы (қаз.)
«Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
284
Қабылданған күні
04.07.2017
Көрсетілген редакция
04.07.2017 114090_216333.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015433
ЭКБ идентификаторы
114090
Редакция идентификаторы
114090_216333
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:34

0 «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау кезінде жануарларды аулаудың жол берiлетiн шектi көлемiн айқындау үшiн популяция өсiмiн болжау әдiсi пайдаланылады. Кейiннен, әрбір шаруашылықта жануарларды аулаудың көлемiн кәсіпшілік қарсаңында есепке алу, олар мекендейтін ортаны мониторингтеу, алудың оңтайлы көлемі, климаттық және әлеуметтiк факторлар деректерiне түзету енгізе отырып, өзгерту қажет.
Әзірленетін биологиялық негiздемелер шеңберінде жануарлар дүниесi объектілерін жыл сайынғы мониторингтеу және есепке алу қорытындылары аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының қатысуымен қаралады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы