О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 4 марта 2014 года № 21/147-V "О предоставлении в 2014 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Катон-Карагайского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 4 марта 2014 года № 21/147-V "О предоставлении в 2014 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Катон-Карагайского района"
- Атауы (қаз.)
- "Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 21/147-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27/200-V
- Қабылданған күні
- 28.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2015 AI84477_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VM003557
- ЭКБ идентификаторы
- 84477
- Редакция идентификаторы
- AI84477_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:10
0
"Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 21/147-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агро-өнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1 1.
Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2014 жылғы 4 наурыздағы № 21/147-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3208 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 9 сәуірдегі № 27 (7717) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіште тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит түрiндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.».
2 2.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.