Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 4 ноября 2014 года № 216 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 24 · қабылданған 09.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2014-no-216/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 4 ноября 2014 года № 216 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 24 ·09.06.2016
24.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 4 ноября 2014 года № 216 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 24 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 4 ноября 2014 года № 216 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Ұлан аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 4 қарашадағы № 216 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24
Қабылданған күні
09.06.2016
Көрсетілген редакция
24.10.2018 105417_370215.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VQ004588
ЭКБ идентификаторы
105417
Редакция идентификаторы
105417_370215
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:50

0 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Ұлан аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 4 қарашадағы № 216 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Ұлан аудандық мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 қарашадағы № 216 шешімге өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3559 тіркелген, «Ұлан таңы», «Уланские зори» газеттерінде 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 98-99 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2016 жылы 08 шілде күні нөмері 4588 болып тіркелді.
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
Көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағидасында:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағидасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді.»;
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы