Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 437 «Об утверждении размера оплаты деятельности частного судебного исполнителя»

Қаулы · № 192 · қабылданған 03.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2014-no-437-ekb-88199/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 437 «Об утверждении размера оплаты деятельности частного судебного исполнителя» Күшін жойған Қаулы ·№ 192 ·03.04.2015
13.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 437 «Об утверждении размера оплаты деятельности частного судебного исполнителя»

Күшін жойған Қаулы ·№ 192 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 437 «Об утверждении размера оплаты деятельности частного судебного исполнителя»
Атауы (қаз.)
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
192
Қабылданған күні
03.04.2015
Көрсетілген редакция
13.07.2023 88199_645222.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000192
ЭКБ идентификаторы
88199
Редакция идентификаторы
88199_645222
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:37

0 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

4 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32,

288-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 192 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 437 қаулысымен бекітілген
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлері
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде істің санатына байланысты төленетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы мынадай тәртіппен белгіленеді:

1) мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:

60 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;
60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;
300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының
15 пайызы мөлшерінде;
1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;
5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;
10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;
20 000 АЕК-тен жоғары болса – өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде;

2) мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:

шығару және (немесе) үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға және (немесе) оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;
талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 20 АЕК, заңды тұлғалардан 40 АЕК;

3) мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:

алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде тоқсан сайын.
Пайда болған берешекті өндіріп алу кезінде жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу осы жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескертпе: өндіріп алу сомасы – атқарушылық құжатта көрсетілген ақшалай талаптың не өндіріп алушының мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талабы бөлігінің мөлшері;
АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы