Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 "Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий"

Бұйрық · № 42 · қабылданған 12.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2014-no-74-ekb-100216/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 "Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий" Қолданыста Бұйрық ·№ 42 ·12.02.2016
12.02.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 "Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий"

Қолданыста Бұйрық ·№ 42 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 "Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий"
Атауы (қаз.)
"Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42
Қабылданған күні
12.02.2016
Көрсетілген редакция
12.02.2016 100216_74524.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013462
ЭКБ идентификаторы
100216
Редакция идентификаторы
100216_74524
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:31

0 «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына (мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 9930 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанында «Әділет» нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 52 (28530) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген

іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы