Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 «Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий»

Бұйрық · № 139 · қабылданған 24.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2014-no-74/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 «Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий» Күшіне енбеген 24.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 «Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий»

Күшіне енбеген Бұйрық № 139 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 «Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий»
Атауы (қаз.)
«Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
139
Қабылданған күні
24.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.08.2026
Көрсетілген редакция
24.07.2026 I228149_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039406
ЭКБ идентификаторы
228149
Редакция идентификаторы
I228149_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:18
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9930 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбесі негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін жасайды.
Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесі негізінде олар осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес ағымдағы жылға арналған спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесін әзірлейді.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2)тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттық ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 _______ жылға арналған Спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесі

Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 139
бұйрыққа қосымша
Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларына қосымша
Нысан
_______ жылға арналған Спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесі

Спорт­тық іс ша­ра­лар­дың ата­уы
Өт­кі­зу мер­зім­де­рі
Өт­кі­зу ор­ны
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі
Күн­дер са­ны
Спорт­шы­лар­дың са­ны
Жат­тық­ты­ру­шы­лар және бас­қа қа­ты­су­шы­лар­дың са­ны
Ел ішін­де­гі іс­са­пар­лар шы­ғы­ста­ры
Тұ­ру шы­ғы­ста­ры
Спорт­шы­лар­дың та­мақ­та­ну шы­ғы­ста­ры
1 адам­ға шақ­қан­да­ғы со­ма, тең­ге
Со­ма, тең­ге
1 тәу­лік­ке шақ­қан­да­ғы со­ма, тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
кестенің жалғасы
Ел ішін­де­гі іс­са­пар­лар шы­ғы­ста­ры
Ел ішін­де­гі бар­лық шы­ғы­стар, тең­ге
Ел­ден тыс іс­са­пар­лар шы­ғы­ста­ры
Спорт­шы­лар­дың та­мақ­та­ну шы­ғы­ста­ры
Тәу­лік­тік
Жол жү­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
Бас­қа шы­ғы­стар*
Тұ­ру шы­ғы­ста­ры
Спорт­шы­лар­дың та­мақ­та­ну шы­ғы­ста­ры
Со­ма, тең­ге
1 тәу­лік­ке шақ­қан­да­ғы со­ма, тең­ге
Со­ма, тең­ге
Екі ба­ғыт­та
Со­ма, тең­ге
Со­ма, тең­ге
1 адам­ға шақ­қан­да­ғы со­ма, тең­ге
Со­ма, тең­ге
1 тәу­лік­ке шақ­қан­да­ғы со­ма, тең­ге
Со­ма, тең­ге
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
кестенің жалғасы
Ел­ден тыс іс­са­пар­лар шы­ғы­ста­ры
Ел­ден тыс бар­лық шы­ғы­стар, тең­ге
Бар­лы­ғы, тең­ге
Тәу­лік­тік
Сақ­тан­ды­ру шы­ғы­ста­ры
Жол жү­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
Ви­за­ны рә­сім­деу және ви­за­лық қол­дау
Ба­гаж­ды та­сы­мал­дау
Бас­қа шы­ғы­стар*
1 тәу­лік­ке шақ­қан­да­ғы со­ма, тең­ге
Со­ма, тең­ге
Кү­ні­не1 адам­ға шақ­қан­да­ғы со­ма, тең­ге
Со­ма, тең­ге
Екі ба­ғыт­та
Со­ма , тең­ге
Со­ма , тең­ге
Со­ма , тең­ге
Со­ма , тең­ге
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
кестенің жалғасы
Ескертпе:
*Өзге шығыстарға «Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20488 болып тіркелген) көзделген шығыстар жатады.