О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 4 апреля 2014 года № 78 "Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление туристской информации, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 4 апреля 2014 года № 78 "Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление туристской информации, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность"
- Атауы (қаз.)
- "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 26.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2015 83807_25933.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003513
- ЭКБ идентификаторы
- 83807
- Редакция идентификаторы
- 83807_25933
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:27
0
"Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу жөнiндегi қағиданы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9432) бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3305, 2014 жылғы 9 маусымдағы № 64 (17001) «Дидар», 2014 жылғы 10 маусымдағы № 65 (19512) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес әрбiр iс-қимылды (рәсiмді) өту блок-схемасында көрсетілген.»;
мынадай мазмұндағы 9 тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі және «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтiн мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiне 1қосымша»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын.
2 2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 26 » қыркүйектегі
№ 257 қаулысына қосымша
«Туристік ақпаратты, оның
ішінде туристік
әлеует, туризм обьектілері және
туристік
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы
ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;