Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814 «Об утверждении Положения о Службе государственной охраны Республики Казахстан»

Жарлық · № 483 · қабылданған 19.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2014-no-814-ekb-193419/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814 «Об утверждении Положения о Службе государственной охраны Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 483 ·19.02.2024
19.02.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814 «Об утверждении Положения о Службе государственной охраны Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 483 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814 «Об утверждении Положения о Службе государственной охраны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
483
Қабылданған күні
19.02.2024
Көрсетілген редакция
19.02.2024 193419_685371.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2400000483
ЭКБ идентификаторы
193419
Редакция идентификаторы
193419_685371
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:08

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік күзет қызметі республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртабандары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30.»;
16-тармақта:
1) тармақшасының отыз екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды және жеке тұлғалардың күзет іс-шараларын өткізу орындарында белгіленген тәртіпті сақтауын талап ету;»;
2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де күзетiлетiн адамдарды байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру.
Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі Мемлекеттік күзет қызметінің және мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Мемлекеттік күзет қызметін және өзге де ұйымдарды президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі келісімдерде (шарттарда) айқындалады;»;
17-тармақтың 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«33) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін айқындайды;»;
21-тармақта:
35) тармақша алып тасталсын;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне сыныптық біліктілік беру, Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің сыныптық біліктілігін көтеру, растау, сақтау, төмендету және алу тәртібін айқындайды;»;
74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«74) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкеріне жоғары офицерлік құрам атқаруға тиісті бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу тәртібін айқындайды;»;
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«78) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 93-1), 93-2), 93-3) және 93-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«93-1) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарының қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша олардың азық-түлік үлесінің нормаларын айқындайды;
93-2) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
93-3) азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына ақшалай өтемақы төлеу тәртібін айқындайды;
93-4) тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды;».

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы