О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814 «Об утверждении Положения о Службе государственной охраны Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 814 «Об утверждении Положения о Службе государственной охраны Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 574
- Қабылданған күні
- 18.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2024 197851_707197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2400000574
- ЭКБ идентификаторы
- 197851
- Редакция идентификаторы
- 197851_707197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:01
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:
21-тармақта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Мемлекеттік күзет қызметі ведомствосының, құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің ережелерін (жарғыларын), құрылымы мен штатын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 93-5) және 93-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«93-5) жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;
93-6) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;».