О внесении изменения в решение Байдибекского районного маслихата от 4 апреля 2014 года №23/119 «Об утверждении регламента Байдибекского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Байдибекского районного маслихата от 4 апреля 2014 года №23/119 «Об утверждении регламента Байдибекского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Бәйдібек аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі №23/119 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/200
- Қабылданған күні
- 29.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2016 90797_Some(102227).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UE003206
- ЭКБ идентификаторы
- 90797
- Редакция идентификаторы
- 90797_Some(102227)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:51
0 «Бәйдібек аудандық мәслихатының
регламентін бекіту туралы»
Бәйдібек аудандық мәслихатының
2014 жылғы 4 сәуірдегі №23/119
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс №2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі №23/119 «Бәйдібек аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2627 тіркелген, 2014 жылдың 30 сәуірдегі «Шаян» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бәйдібек аудандық мәслихатының регламентінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.».