О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 4 мая 2014 года №40 «Об утверждении Правил проведения конкурса и стажировки для занятия должностей в органах, ведомствах и учреждениях прокуратуры Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 4 мая 2014 года №40 «Об утверждении Правил проведения конкурса и стажировки для занятия должностей в органах, ведомствах и учреждениях прокуратуры Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту тарула» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы №40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 25.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2023 100756_618715.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013567
- ЭКБ идентификаторы
- 100756
- Редакция идентификаторы
- 100756_618715
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:18
0 «Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында, ведомстволары
мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу
үшін конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2014 жылғы 4 мамырдағы №40 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Құқық қорғау органдары туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы №40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9561 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде №141 (27762) 2014 жылғы 23 шілде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына:
3-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен (бұдан әрі - Құқық қорғау органдары академиясы) - Құқық қорғау органдары академиясының ректорымен.»;
5- тармақтың 10-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;»;
5- тармақтың 11-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бас прокуратурада, ҚСжАЕК-те, Құқық қорғау органдары академиясында, Бас көлік прокуратурасында конкурсты өткізу кезінде хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Прокуратура органдарының және ҚСжАЕК-тің аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу туралы хабарландырулар тисті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда жарияланады.
Мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін конкурс өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның және конкурсты жариялаған прокуратура органының интернет-ресурстарына орналастырылады.
Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне бос лауазымға орналастыру үшін конкурс өткізілген жағдайда мұндай шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.»;
көрсетілген қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері министрі
______________ Т. Донақов
«___»_________ 2016 жыл
0 Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде конкурстық негізде орналасатын лауазымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 25 ақпандағы №36
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама
өткізу ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде конкурстық
негізде орналасатын лауазымдардың
тізбесі