Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление финансов города Астаны»

Қаулы · № 113-1277 · қабылданған 21.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2015-no-113-319/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление финансов города Астаны» Күшін жойған Қаулы ·№ 113-1277 ·21.06.2017
28.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление финансов города Астаны»

Күшін жойған Қаулы ·№ 113-1277 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление финансов города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113-1277
Қабылданған күні
21.06.2017
Көрсетілген редакция
28.02.2018 113118_325589.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G171131277A
ЭКБ идентификаторы
113118
Редакция идентификаторы
113118_325589
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:44

0 «Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 4 наурыздағы
№ 113-319 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 890 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3236) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3254) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақта:
25-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1) Басқарма астананың жергілікті атқарушы органының атынан астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 25-5) тармақшамен толықтырылсын:
«25-5) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі;».

2

2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы