О внесении изменения в решение маслихата города Актобе от 4 марта 2015 года № 319 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата города Актобе от 4 марта 2015 года № 319 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Актобе»
- Атауы (қаз.)
- «Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 319 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 25.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2018 105944_380949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CA005048
- ЭКБ идентификаторы
- 105944
- Редакция идентификаторы
- 105944_380949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:58
0 «Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 319 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 319 «Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4244 санымен тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы».