Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 4 ноября 2015 года № 342 «Об утверждении регламентов государственных услуг в социально-трудовой сфере»

Қаулы · № 289 · қабылданған 19.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2015-no-342-ekb-106910/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 4 ноября 2015 года № 342 «Об утверждении регламентов государственных услуг в социально-трудовой сфере» Күшін жойған Қаулы ·№ 289 ·19.09.2016
27.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 4 ноября 2015 года № 342 «Об утверждении регламентов государственных услуг в социально-трудовой сфере»

Күшін жойған Қаулы ·№ 289 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 4 ноября 2015 года № 342 «Об утверждении регламентов государственных услуг в социально-трудовой сфере»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
289
Қабылданған күні
19.09.2016
Көрсетілген редакция
27.03.2020 106910_452528.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16M0003158
ЭКБ идентификаторы
106910
Редакция идентификаторы
106910_452528
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:45

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 4 қарашадағы № 342
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 242 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13933 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2900 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармағында:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін талап етілмеген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу тізілімімен көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру
үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
12. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.».

2

2. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.М. Қалмұратова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Г.М. Қалмұратова
«19» 09 2016 ж.

Қолданыстағы