О внесении изменений в решение районного маслихата от 4 мая 2015 года № 40/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 4 мая 2015 года № 40/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы № 40/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 50/6
- Қабылданған күні
- 11.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2016 100036_69672.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16LI005385
- ЭКБ идентификаторы
- 100036
- Редакция идентификаторы
- 100036_69672
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:33
0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы №40/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы » Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 02 маусымда 5006 нөмірмен тіркелген, 2015 жылдың 10 маусымда «Өскен Өңір» газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы №40/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
3 тармақтың 3), 10) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
3) ең төмен күнкеріс деңгейі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Статистика Комитетінің Қызылорда обылысының статистика департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
10) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы Шиелі аудандық бөлімшесі;
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ М.Н. Делмұханов
«11» ақпан 2016 жыл