Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении правил обеспечения льготного проезда путем выплаты компенсаций для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования, в период зимних и летних каникул на междугородном железнодорожном и автомобильном транспорте (кроме такси)»

Бұйрық · № 144 · қабылданған 05.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2015-no-677/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении правил обеспечения льготного проезда путем выплаты компенсаций для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования, в период зимних и летних каникул на междугородном железнодорожном и автомобильном транспорте (кроме такси)» Қолданыста Бұйрық ·№ 144 ·05.04.2023
05.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении правил обеспечения льготного проезда путем выплаты компенсаций для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования, в период зимних и летних каникул на междугородном железнодорожном и автомобильном транспорте (кроме такси)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 144 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении правил обеспечения льготного проезда путем выплаты компенсаций для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования, в период зимних и летних каникул на междугородном железнодорожном и автомобильном транспорте (кроме такси)»
Атауы (қаз.)
«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
144
Қабылданған күні
05.04.2023
Көрсетілген редакция
05.04.2023 179501_624048.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032243
ЭКБ идентификаторы
179501
Редакция идентификаторы
179501_624048
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:01

0

«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43-1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қоса беріліп отырған Жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
__________________ А. Ғиният
2023 жылғы «___»
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
__________________ А. Оралов
2023 жылғы «___»

0 Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі 2023 жылғы 5 сәуірдегі
№ 144 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2015
жылғы 4 желтоқсандағы № 677
бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары

1

1. Осы Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43-1) тармақшасына сәйкес әзiрленген және жоғары және (немесе) жоғары бiлiмнен кейін білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) білiм алушылар – студенттер, магистранттар және даярлық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары;

2 2) жол жүру өтемақысы – мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде білім алушыларға қалааралық темiржол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жол жүру құнының бөлiгiн өтеу үшін берілетін ақшалай төлем;

3 3) өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар - республикалық бюджет есебiнен жоғары білімдi мамандар даярлауды іске асыратын білім беру ұйымдары.

3 3. Жол жүру өтемақысы республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен төленедi.

4

4. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жыл сайын республикалық бюджеттiң жобаларын әзiрлеу кезiнде білім алушыларға жол жүру үшін ақшалай өтемақыларды төлеуге арналған қаражатқа қажеттiлiк есебiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілеттi органға ұсынады.

5 5. Жол жүруге өтемақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың мынадай санаттарына төленеді:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарына жылына екі рет қысқы және жазғы каникул кезеңінде 4 еселенген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына – жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

6 6. Білiм алушыларға жол жүру өтемақыларын төлеудi өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар жыл сайын ақпан және маусым айларында қаражатты бiлiм алушылардың карт-шотына аудару жолымен немесе қолма-қол төлемдермен жүргiзедi.

Қолданыстағы