Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 4 февраля 2015 года № 842 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Упраление государственного архитектурно-строительного контроля Кызылординской области"

Қаулы · № 421 · қабылданған 01.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2015-no-842/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 4 февраля 2015 года № 842 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Упраление государственного архитектурно-строительного контроля Кызылординской области" Күшін жойған Қаулы ·№ 421 ·01.04.2016
19.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 4 февраля 2015 года № 842 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Упраление государственного архитектурно-строительного контроля Кызылординской области"

Күшін жойған Қаулы ·№ 421 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 4 февраля 2015 года № 842 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Упраление государственного архитектурно-строительного контроля Кызылординской области"
Атауы (қаз.)
"Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 842 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
421
Қабылданған күні
01.04.2016
Көрсетілген редакция
19.05.2016 101486_122643.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16L0005473
ЭКБ идентификаторы
101486
Редакция идентификаторы
101486_122643
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:48

0 «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 842 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 842 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4860 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда «Кызылординские вести», «Сыр бойы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;»;
16-тармақ 6-1-тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;»;
16-тармақтың 8-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;»;
20 және 22-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады;»;
«22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;».

2 2. «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы