Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 573 · қабылданған 23.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2015-no-992-ekb-159038/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 573 ·23.09.2021
23.09.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 573 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
573
Қабылданған күні
23.09.2021
Көрсетілген редакция
23.09.2021 159038_539936.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024550
ЭКБ идентификаторы
159038
Редакция идентификаторы
159038_539936
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:38

0 «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (мемлекеттік құқықтық нормативтік актілердің тіркеу тізіліміне № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ХҚКО АЖ) «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі - ЖТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) болуына сұрау салуды қалыптастырады;
ЖСН болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттардың электрондық көшірмелері бекітіле отырып, ХҚКО АЖ-да өтінім қалыптастырылады.
ХҚКО АЖ-дан КҚП АЖ-ға өтінім келіп түскеннен кейін не көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
көрсетілетін қызметті беруші:
1) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті КҚП АЖ-ға енгізеді (мәліметтер болмаған кезде);
2) тұрақты сақтау мерзімімен жеке есеп ісіне қабылданған материалдарды қалыптастырады, олар осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың істерін есепке алу журналында тіркеледі. Журнал бойынша реттік нөмірі біруақытта істің реттік нөмірі болып табылады;
3) күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде:
Қазақстан Республикасының азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтағына тиесілі екені анықталмаған, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз елімізде тұрып жатқан көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты жауап алудың толық хаттамасын құрайды, онда көрсетілетін қызметті алушы қашан және қайда туылғаны, оның туу сәтінде ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжат бойынша келгені, туыстарының қайсысы және олардың азаматтығы, қайда тұрғаны және қазіргі уақытта қайда тұратыны, мән-жайларға қарай басқа да мәселелер көрсетіледі;
КҚП АЖ арналары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - ПД КҚҚБ) келісуге есепке алу ісі жолданады;
банктік мекемеге төлем қабілеттігін растау туралы құжаттардың түпнұсқалылығы мәніне сұрау салуды жолдайды;
ішкі істер органдарының есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
«Бүркіт» БАЖ арналары арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары материалдарды келісуді күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде жүзеге асырады;
4) күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде тексеріс нәтижесі бойынша мүдделі органдардан жауап алғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы не осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді қорытынды шығарады;
5) күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы не рұқсатты беруден бас тарту туралы осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жолданады.»;
3-қосымшада:
3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн.
»;
6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, төлем мөлшері – мемлекеттік баж төленетін күнге анықталған 4 АЕК
»;
8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Рұқсат беру туралы өтінішті қызмет көрсетуші немесе Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес; 2)
көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс; бірлесіп өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
3) оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
4) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
5) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
7) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
8) «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
9) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
10) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылуы туралы анықтама (жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлға жүгінген кезде оның туғаны немесе басқа мемлекеттің аумағында тұрғаны анықталса);
11) мемлекеттік бажды төлеу немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат беріледі. 4), 5), 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Өзге мемлекеттің азаматтығын Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме арқылы рәсімдеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар қызмет алушы 1), 2), 5), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызмет алушы, егер оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, жанашыры) Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын болып табылған жағдайда 1), 2), 6) 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасынан шет елде тұратын екінші ата-анасынан нотариалдық расталған өтініш-келісім қағазын ұсынады. Басқа мемлекеттің азаматтық мәртебесі жоқ Қазақстан Республикасына келген көрсетілетін қызметті алушы тұлғаға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлға мәртебесін беру туралы қорытынды шығарылады. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс. Бір тілден екінші тілге аударылғанын «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады. Шетел мемлекеті билігінің қатысуымен немесе сол биліктен шығатын құжаттар мен актілер, егер Қазақстан Республикасы заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған Халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, «Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына сәйкес заңдастыру болған кезде қарауға қабылданады.»;
»;
4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

0 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ – САУАЛНАМА

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 573
бұйрығына қосымша
Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты
тұруға рұқсаттар
беру қағидаларына
4-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ – САУАЛНАМА
Фотосуреттің
орны
(35 x 45 мм)
1. Құқықтық мәртебесі______________________________________________________
_______________________________________________________________________
(азаматтығы жоқ адам, шетелдік)
Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса)
_______________________________________________________________________
(куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)
2. Аты,жөні, тегі (болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(егер атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен болса, бұрынғы атын, әкесінің
атын (ол болған жағдайда) көрсету қажет, өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын
куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты орыс және латын алфавиттерінің әріптерімен
жазылады)
3. Туған күні, айы, жылы және жері ___________________________________________
_________________________________________________________________________
4. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар
________________________________________________________________________
5. Бұрынғы азаматтығы (тиесілігі)
________________________________________________________________________
(қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)
6. Жынысы ______________________________________________________________
7. Отбасы жағдайы _______________________________________________________
(үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),
________________________________________________________________________
ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)
8. Ұлты _________________________________________________________________
(қалауы бойынша көрсетіледі)
9. Жеке басын куәландыратын құжат _______________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(Мемлекет, құжаттың түрі, нөмірі, сериясы, берілген күні, жарамдылық мерзімі)
10. Факт бойынша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны_____________________
_______________________________________________________________________
11. Отбасы мүшелері:
Өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сы
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
Ту­ған жы­лы және же­рі
Аза­мат­тығы (ти­е­сі­лі­гі)
Тұ­ра­тын же­рі­нің ме­кен­жайы
ЖСН ол болған жағ­дай­да
12. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен
жүгіндіңіз ба ____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды
13. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Қабылданған және босатылған күні, айы және жылы
Мекемені көрсете отырып, лауазымы
Жұмыс орнының мекенжайы
14. Сіз ауыр және аса ауыр қылмыстық теріс қылық не рецидиві қауіпті деп
танылған қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген
сот үкімімен сотталдыңыз ба, егер сотталсаңыз, қанша рет және қашан
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
15. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін бірге жүгінген отбасы мүшелері туралы
мәліметтер:
Өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сы
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
Ту­ған жы­лы және же­рі
Аза­мат­тығы (ти­е­сі­лі­гі)
Тұ­ра­тын же­рі­нің ме­кен­жайы
ЖСН ол болған жағ­дай­да
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын: ___________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттан бас тартылатыны не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылатыны туралы маған ескертілді.
Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
20__ жылғы «___» _______________ ________________________
(өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы)
20__ жылғы «___» ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.
Өтініштің дұрыс толтырылғанын және қажетті құжаттардың бар-жоғын
тексердім, өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің
қолының түпнұсқалығын растаймын _____________________________________________
____________________________________________________________________________
арнаулы атағы (егер бар болса),
_____________________________________________________________________________
құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________________
(лауазымды адамның қолы)
Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.
Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
Өтінішті қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің мөртабаны қойылады.
Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.
Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігіні нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.

Қолданыстағы