Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 48 · қабылданған 08.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2015-no-992-ekb-164524/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 48 ·08.02.2022
08.02.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 48 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 992 «Об утверждении Правил выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
48
Қабылданған күні
08.02.2022
Көрсетілген редакция
08.02.2022 164524_562579.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026814
ЭКБ идентификаторы
164524
Редакция идентификаторы
164524_562579
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:32

0 «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
2) азаматтығы жоқ адам - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттiң азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелерi жоқ адам;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға «бір терезе» қағидаты бойынша беру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
4) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) – қаржы саласында ерекше құқықтық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын нақты белгіленген шекаралары бар Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;
5) АХҚО инвестициялық резиденті – АХҚО инвестициялық салық резиденттігінің бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген шарттарға сәйкес келетін инвестицияларды жүзеге асырған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
6) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
7) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
8) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;
9) бизнес-көшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келуші;
10) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
11) «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) – Қазақстан Республикасына көшіп келушілердің кіруін - шығуын бақылайтын бірыңғай ақпараттық жүйе;
12) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi;
13) жеке кабинет – «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;
14) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;
15) жол жүру құжаты – шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығу үшін берілетін құжат;
16) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
17) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
18) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
19) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
20) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) – Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы көші-қон процестері дерекқорын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ «электронды үкімет» шеңберінде құрылып жатқан басқа ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен интеграциялық қарым-қатынас процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйесі;
21) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;
22) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңмен белгіленген тәртіпте тиісті мәртебесін алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
23) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
24) қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО БАЖ) – Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
25) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
26) уақытша тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;
27) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар адам;
28) шет елдердегi мекемелер – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi;
29) мемлекеттік қызметтің стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;
30) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер атынан Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
31) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама) – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңында айқындалған Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптары мен білім деңгейіне сәйкес келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін құжат;
32) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.
33) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
34) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;
35) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі көрсету (бұдан әрі – УТР мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілерге аумақтық полиция органдары алатын рұқсаттың санатына қарай бір жылға дейінгі мерзімге, кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына» сәйкес ұзарта отырып, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат (бұдан әрі - УТР) көшіп келушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.»;
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттарды, оның ішінде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қабылдағаннан кейін:
1) ұсынылған құжаттарды қабылдайды және толықтығын тексереді;
2) «Бүркіт» БАЖ мәліметтері бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі туралы ақпаратты тексереді;
3) ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер қоры бойынша соттылығы және іздестірілуі, алдыңғы болу кезеңінде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін орындалмаған міндеттемелердің болуы туралы мәліметтерді тексереді;
4) ақпараттық жүйеде шетелдіктің және оның бірге келген отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру номерлерінің бар-жоғын тексереді.
Өтінімнің дұрыстығы және УТР бойынша стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері КҚП АЖ-да осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес УТР қалыптастырады, басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Егер УТР беруге өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы ХҚКО БАЖ-ға жолдайды. Мемлекеттік корпорация операторы УТР басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Егер УТР беруге өтінім портал арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.
Келіп түскен электрондық өтінім көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық деректеріне сәйкес келмеген не егер өтінімге құжаттардың сапасыз электрондық көшірмелері берілген жағдайларда не осы Қағидалардың 9-3-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті қызметкер қате туралы тиісті хабарлама қалыптастырады, ол Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жолданады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылысын:
«14. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ХҚКО АЖ) «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі - ЖТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) бар-жоғына сұрау салуды қалыптастырады;
ЖСН болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерді бекіте отырып, ХҚКО АЖ өтінімді қалыптастырады.
ХҚКО АЖ-дан КҚП АЖ-ге өтінім келіп түскеннен кейін не көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
көрсетілетін қызметті беруші:
1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті барлық құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті КҚП АЖ-ге енгізеді (мәліметтер болмаған кезде);
2) тұрақты сақтау мерзімімен жекелеген жеке іске қабылданған материалдарды қалыптастырады, олар осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды істерді есепке алу журналында тіркеледі. Журнал бойынша реттік нөмірі біруақытта істің реттік нөмірі болып табылады;
3) күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде:
КҚП АЖ арналары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаменттері Көші-қон қызметтері басқармасына (бұдан әрі - ПД КҚҚБ) келісуге есепке алу ісі жолданады;
4) күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде:
банктік мекемеге төлемқабілеттігін растау туралы құжаттардың тұпнұсқалығы мәніне сұрау салуды жолдайды;
ішкі істер органдарының есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
«Бүркіт» БАЖ арналары арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары материалдарды келісуді күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады;
5) күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тексеріс нәтижесі бойынша мүдделі органдардан жауап алғаннан кейін рұқсатты беру туралы не осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді қорытынды шығарады, қабылданған шешім туралы ақпаратты КҚП АЖ-ға енгізеді;
6) күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы не рұқсатты беруден бас тарту туралы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жолданады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы қағидалдарда көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш беруден бас тартады. ерікті нысан түрінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында және Заңныңы 49-бабында көзделген.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішті қабылдаған Қазақстан Республикасының ішкі істер органы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде әкімшілік акті қабылданғанға дейін алдын ала, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге ұстанымын білдіру үшін тыңдау жүргізілетіні туралы хабарлама жолдайды. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтінішхатты (өтінішті) одан әрі қарау туралы шешім қабылданады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама жолданады. Хабарламаның екінші данасы өтініш берушінің жеке ісіне тігіледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын іс-әрекеттерді жасаған кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 49-бабына сәйкес бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы қорытынды шығарылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты тұруға рұқсаттың күшін жою туралы хабарлама жіберіледі. Қабылданған шешім туралы ақпарат КҚП АЖ-да адамның есепке алу ісіне енгізіледі.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызмет беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандырса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Егер заңмен өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сот тәртібінде шағымданғаннан кейін рұқсат етіледі.»;
1-1-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы УТР бе­ру ту­ра­лы өті­ніш бер­ген кез­де:
1. Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес УТР бе­ру ту­ра­лы өті­ніш-са­у­ал­на­ма.
2. ви­за­сыз бо­лу ту­ра­лы ке­лі­сім­дер ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған ше­тел­дік­тің не аза­мат­тығы жоқ адам­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа са­лы­сты­ру үшін ұсы­ны­ла­ды);
3. ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­дың кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа са­лы­сты­ру үшін ұсы­ны­ла­ды) (Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ ел­де­рі­нің аза­мат­та­рын қо­с­па­ған­да (бұ­данә­рі-ЕА­ЭО);
Ке­лу мақ­са­ты­на бай­ла­ны­сты мы­на­лар­ды қо­сым­ша ұсы­на­ды:
1) от­ба­сын бі­рік­ті­ру мақ­са­тын­да: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын адам­мен от­ба­сы­лық қа­ты­на­стар­ды рас­тай­тын құ­жат;
2) ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру мақ­са­тын­да-мы­на­дай құ­жат­тар­дың бі­рі: жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту­ға рұқ­сат;
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген ше­тел­дік­тің бі­лік­ті­лік сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма неме­се рұқ­сат; ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге же­ке тұ­лға­лар­да ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген рұқ­сат;
ЕА­ЭО аза­мат­та­ры үшін - уәкі­лет­ті ор­ган­да (Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі) – «ЕШЕБЖ» ең­бек шар­тта­рын есеп­ке алу­дың бі­рың­ғай жүй­е­сін­де тір­кел­ген ең­бек шар­ты неме­се жұ­мыстар­ды орын­дау (қыз­мет­тер көр­се­ту) жө­нін­де­гі аза­мат­тық-құқық­тық шарт;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лық­тың кө­ші - қо­ны са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сы­на және/неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­ға сәй­кес осы тар­мақ­ша­ның бі­рін­ші, екін­ші, үшін­ші, төр­тін­ші аб­зац­та­рын­да көр­се­ті­л­ген рұқ­сат­тар­ды алу та­лап етіл­мей­тін кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге, сон­дай-ақ олар­дың от­ба­сы мү­ше­ле­ріне уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат жыл сай­ын ұзар­ту мүм­кін­ді­гі­мен бір жы­л­ға ре­сім­де­ле­ді, бі­рақ ең­бек шар­ты­ның неме­се жұ­мыстар­ды орын­дау (қыз­мет­тер көр­се­ту) жө­нін­де­гі аза­мат­тық-құқық­тық шар­ттың қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нен ас­па­у­ға ти­іс;
АХ­ҚО-да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру мақ­са­тын­да ке­лу­дің және бо­лу­дың ви­за­сыз тәр­ті­бі ту­ра­лы ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­ры бар ел­дер­ден Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на кел­ген кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге, сон­дай-ақ олар­дың от­ба­сы мү­ше­ле­ріне уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат жыл сай­ын ұзар­ту мүм­кін­ді­гі­мен бір жы­л­ға ре­сім­де­ле­ді, бі­рақ ол ең­бек шар­ты­ның неме­се жұ­мыстар­ды орын­дау (қыз­мет­тер көр­се­ту) жө­нін­де­гі аза­мат­тық-құқық­тық шар­ттың қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нен ас­па­у­ға ти­іс;
Ке­лу­дің және бо­лу­дың ви­за­сыз тәр­ті­бі ту­ра­лы ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар бар мем­ле­кет­тер­ден кел­ген АХ­ҚО ин­ве­сти­ци­я­лық ре­зи­дент­те­ріне, сон­дай-ақ олар­дың от­ба­сы мү­ше­ле­ріне уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат АХ­ҚО әкім­ші­лі­гі­нің өті­ні­ш­ха­ты бой­ын­ша жыл сай­ын ұзар­ту мүм­кін­ді­гі­мен бір жы­л­ға, бі­рақ бес жыл­дан ас­пай­тын мер­зім­ге ре­сім­де­ле­ді. Бұл рет­те, ин­ве­сти­ци­я­лық ре­зи­дент­тің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің уа­қыт­ша тұ­руы­на ар­нал­ған рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі ин­ве­сти­ци­я­лық ре­зи­дент­тің уа­қыт­ша тұ­руы­на ар­нал­ған рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нен ас­па­у­ға ти­іс;
3) мис­си­о­нер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру мақ­са­тын­да – ді­ни қыз­мет са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік рет­те­уді жү­зе­ге асы­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны бер­ген ку­ә­лік;
4) биз­нес-кө­шіп ке­лу­ші­лер үшін – Заң­ның 40-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген құ­жат;
5) ем­де­лу­ге – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ор­на­лас­қан ме­ди­ци­на­лық ұй­ым бер­ген, ше­тел­дік­ті неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да­рын­да ем­деу неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да­рын­да ем­де­ліп жа­тқан ше­тел­дік па­ци­ент­ке, сон­дай-ақ жа­қын туы­ста­ры­на - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры­на не Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ше­тел­дік­тер­ге тұ­рақ­ты кү­тім жа­сау қа­жет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар;
6) оқу­ға - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы оқу ор­ны­ның қол­да­ухаты негі­зін­де;
Шет ті­лін­де жа­сал­ған құ­жат­тар мем­ле­кет­тік не орыс ті­ліне ауда­ры­лу­ға жа­та­ды.
«Но­та­ри­ат ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 80-ба­бы­на сәй­кес но­та­ри­ус бір тіл­ден екін­ші ті­л­ге аудар­ма­ның дұ­ры­стығ­ын ку­әлан­ды­ра­ды.
Егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­тта өзге­ше көз­дел­ме­се, шет мем­ле­кет­тер би­лі­гі­нің қа­ты­суы­мен жа­сал­ған неме­се осы би­лік­тен шы­ға­тын құ­жат­тар мен ак­ті­лер «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сул­дық жар­ғы­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2016 жы­л­ғы 25 сәу­ір­де­гі № 240 Жар­лы­ғы­ның 60-тар­ма­ғы­на сәй­кес заң­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да қа­ра­у­ға қа­был­да­на­ды.»;
»;
3-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті қыз­мет көр­се­ту­ші неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы бер­ген кез­де:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат­ты бе­ру ту­ра­лы өті­ніш-са­у­ал­на­ма осы Қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес;
2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұлт­тық пас­пор­ты­ның кө­шір­ме­сі және түп­нұс­қа­сы (са­лы­сты­ра тек­се­ру үшін) аза­мат­тығы жоқ адам­ның құ­жа­ты, жа­рам­ды­лық мер­зі­мі өті­ніш бер­ген күн­ге күн­тіз­бе­лік 180 күн­нен астам бо­луы ти­іс;
бір­лес­кен өті­ніш бер­ген кез­де ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі неме­се он ал­ты жас­қа тол­ма­ған ба­ла­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын бас­қа да құ­жат­тың кө­шір­ме­сі және түп­нұс­қа­сы (са­лы­сты­ра тек­се­ру үшін);
3) «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат­тар алу­ға үміт­кер ше­тел­дік­тер­дің және аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да бо­лу ке­зе­ңін­де өзде­рі­нің тө­лем жа­сау қа­бі­лет­ті­гін рас­тау ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2003 жы­л­ғы 26 қа­ра­ша­да­ғы № 1185 қа­улы­сы­на сәй­кес өзі­нің тө­лем қа­бі­лет­ті­лі­гін рас­тау және Заң­ның 49-ба­бы 4) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес тө­лем жа­сау қа­бі­лет­ті­гін рас­та­удан боса­ту үшін негіз­дер­дің бар/жо­ғын ку­әлан­ды­ру ту­ра­лы құ­жат;
4) аза­мат­тығы ти­е­сі­лі­лі­гі неме­се тұ­рақ­ты тұ­ра­тын мем­ле­кет­те сот­ты­лы­ғы (сот­ты­лы­ғы­ның бол­мауы) ту­ра­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны бер­ген құ­жат (егер өзге ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­да көз­дел­ме­се, Қы­тай Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның эт­ни­ка­лық қа­з­ақ­та­рын қо­с­па­ған­да);
5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға 14-тен 18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­ның но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған ке­лі­сі­мі;
6) өті­ніш бе­ру­ші­ге тұ­ру­ға тұр­ғын үй ұсы­ну және тұ­рақ­ты тір­кеу есе­біне қою ту­ра­лы же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­мен но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған шарт (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да бо­лу ке­зе­ңін­де өзі­нің тө­лем қа­бі­лет­ті­лі­гін рас­тай­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер үшін) не же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­мен но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш;
7) «Ше­тел­дік­тер­де және аза­мат­тығы жоқ адам­дар­да бо­луы олар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ке­лу­іне тый­ым са­ла­тын ау­ру­лар­дың тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2011 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­те­гі № 664 бұй­ры­ғы­на сәй­кес (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де №7274 тір­кел­ген) ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ке­лу­ге тый­ым са­лы­на­тын сыр­қат­тар­дың бар-жо­ғы ту­ра­лы ше­тел­дік­тің ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру ту­ра­лы анық­та­ма­сы (028/у ме­ди­цин­ская анық­та­ма);
8) мөл­ше­рі 35х45 мм бір фо­то­су­рет;
9) мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу ту­ра­лы құ­жат.
3), 4), 7) тар­мақ­ша­лар­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың жа­рам­ды­лық мер­зі­мі 180 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­па­уы ти­іс.
Өзге мем­ле­кет­тің аза­мат­тығ­ын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ор­на­лас­қан ди­пло­ма­ти­я­лық өкіл­дік және кон­сул­дық ме­ке­ме ар­қы­лы ре­сім­де­ген және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тір­ке­уі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы 1), 2), 4), 8), 9) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды.
Ата-ана­сы­ның бі­рі­мен кел­ген жа­сы он се­гіз­ге тол­ма­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы, егер оның заң­ды өкі­лі (ата-ана­сы, қам­қор­шы­сы, жа­на­шы­ры) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты неме­се ше­тел аза­ма­ты, аза­мат­тығы жоқ адам Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­да 1), 2), 6), 8), 9) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тұ­ра­тын екін­ші ата-ана­сы­нан но­та­ри­ал­дық рас­тал­ған өті­ніш-ке­лі­сім ұсы­на­ды.
Бас­қа мем­ле­кет­тің аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сін­де елі­міз­ге кел­ген ж көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты осы Қа­ғи­да­лар­дың 5-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы қо­ры­тын­ды шы­ға­ры­ла­ды.
Шет ті­лін­де жа­сал­ған құ­жат­тар қа­зақ не орыс ті­ліне ауда­ры­луы ти­іс.
Бір тіл­ден екін­ші ті­л­ге аудар­ма­ның дұ­ры­стығ­ын «Но­та­ри­ат ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 80-ба­бы­на сәй­кес но­та­ри­ус ку­әлан­ды­ра­ды.
Егер өзге­ше Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­ла­ры­мен неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­мен көз­дел­ме­се, ше­тел мем­ле­ке­ті өкі­лет­те­рі­нің қа­ты­суы­мен неме­се сол өкі­мет та­ра­пы­нан шық­қан құ­жат­тар мен ак­ті­лер «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ел­ші­лік жар­ғы­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2016 жы­л­ғы 25 сәу­ір­де­гі № 240 Жар­лы­ғы­ның 60-тар­ма­ғы­на сәй­кес заң­да­сты­ры­л­ған кез­де қа­ра­лу­ға қа­был­да­на­ды.»;
»;
4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша алып тасталсын;
9-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер Министрінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 48 Бұйрығына
1-қосымша
Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА АРНАЛҒАН РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА
____________________________________________________________________
полиция органының атауы
фотосурет орны
(35 x 45 мм)
Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәлімет
1. Құқықтық мәртебесі
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(азаматтығы жоқ адам, шетелдік)
Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер болса)
______________________________________________________________________________
куәлік нөмірі, берілген күні мен орны, оны берген органның атауы
2. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
______________________________________________________________________________
тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін, атын,
әкесінің атын (ол болған жағдайда), өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын
куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты орыс және латын алфавиттерінің әріптерімен
жазылады
3. Туған күні, айы, жылы және жері ______________________________________
_____________________________________________________________________________
4. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар
_____________________________________________________________________________
5. Бұрынғы азаматтығы________________________________________________________
қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды
6. Жыныс _______________________________________________________________________
7. Отбасылық жағдайы _____________________________________________________
үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмыста емес)
___________________________________________________________________________
ажырасқан ( неке қию (бұзу) туралы куәлік), берілген күні және орны)
8. Ұлты ____________________________________________________________
9. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
берген ел, құжат түрі, құжаттың нөмірі, сериясы, берілшген күні, жарамдылық мерзімі
10. ҚР-да нақты тұратын жерінің мекенжайы, телефоны ________________________
__________________________________________________________________________
11. Отбасы мүшелері:
Туысқандық дәрежесі
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Туған жылы және елі
Азаматтығы (тиесілігі)
Тұратын жерінің мекенжайы
ЖСН болған кезде
12. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы өтінішпен
жүгіндіңіз бе? _______________________________________________________
____________________________________________________________________________
егер жүгінсеңіз, қашан және қай органға, қандай шешім қабылданды
13. Оқуын қоса отырып, еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Қабылданған және босатылған күні, айы және жылы
Оқу орнын, ұйымды көрсетумен лауазымы
Оқу, жұмыстың мекенжайы
14. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не қауіпті деп танылған
қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба егер
сотталсаңыз, неше рет және қашан)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
15. біруақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы өтініш
берушілердің отбасы мүшелері туралы мәліметтер
Туысқандық дәрежесі
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Туған жылы және елі
Азаматтығы (тиесілігі)
Тұратын жерінің мекенжайы
ЖСН болған кезде
Өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынамын
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беруден «Халықтың көші-
қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда
бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін екені туралы ескертілді. Ұсынылған
құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
20__ жылғы «___» _________________________.
(өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы,)
20__ жылғы «___» ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.
Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар- жоғын
тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының
түпнұсқалығын растаймын ________________________________________
__________________________________________________________________________
құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның арнаулы атағы (егер болса), лауазымы, тегі,
аты-жөні
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(лауазымды адамның қолы)
Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен
немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып
толтырылады.
Сұрақтарға жауап толық болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
Өтінішті қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің мөртабаны, мөрі қойылады.

2 ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 48 Бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің «__»_________________
№______________________
бұйрығына
2-қосымша
Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ
адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Бекітемін
Бастық не орынбасар
____________________________
(арнаулы атағы)
____________________________
(қолы) (тегі, а. ә. ол болған кезде)
20 __ ж. «__» ______________
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру/ не рұқсат беруден бас тарту туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
_________________________________________________________________________
қызметкердің лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________________________________________,
_________________________________________________________________________
өтініш берушінің азаматтығы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы өтінішті
қарап,
БЕЛГІЛЕЙДІ:
Мыналар:
өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша/тұрақты тіркеу орны, өтінішпен жүгінуге себеп болған салдар;
білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша/тұрақты тұрған кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы, шығу мерзімдері;
егер біруақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты өтініш берушімен бірге балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық сияқты қаулы ету бөлігінде де көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі;
өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы жағдайы, туысқандары туралы қысқаша мәлімет;
адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша тексеру нәтижелері, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;
балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;
өтініш берушінің мінездемесі көрсетіледі.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1 1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы оң немесе теріс шешім қабылдауға дәлелді негіздеме жазылады.

2 2. Қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы көрсетіледі.

3 3. Есепке алуға өзгерістерді қамтамасыз ететін бөлініс көрсетіледі.

________________________________________________________________________________
(қызметкердің лауазымы, арнаулы атағы, (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
«КЕЛІСЕМІН»
Көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы не орынбасары
______________________________________ _____________________________
(арнаулы атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы «__» ____________
Егер шешім қабылдау құқығы берілген орынбасары бекітсе, оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және арнаулы атағы көрсетіледі.
Егер біруақытта рұқсатты өтініш берушімен оның кәмелетке толмаған балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық және белгілеу бөлігінде көрсетіледі.
Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрауға арналған рұсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нақты бабына (бөлік, тармақ) сілтеме міндетті.
Қол қою құқығы берілген орынбасар шешімге қол қойған жағдайда оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және арнаулы атағы көрсетіледі.

Қолданыстағы