О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 4 марта 2015 года №862 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Кызылординской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 4 марта 2015 года №862 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Кызылординской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы №862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 429
- Қабылданған күні
- 07.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2016 101481_122681.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005469
- ЭКБ идентификаторы
- 101481
- Редакция идентификаторы
- 101481_122681
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:43
0 «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы №862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 862 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4930 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 11 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
17-тармақта:
35) және 85) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«35) жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізілген мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың, сондай-ақ, ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларының негізінде, өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге тыйым салады немесе рұқсат береді;»;
«85) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;»;
51) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 87-1), 87-2), 87-3), 87-4) және 87-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«87-1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
87-2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді;
87-3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрін құру үшін жерді резервте қалдыру жөнінде шешімдер қабылдау туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
87-4) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөлу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
87-5) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;».