О внесении изменений в решение Шуского районного маслихата от 4 ноября 2015 года «О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шуского районного маслихата от 4 ноября 2015 года «О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения»
- Атауы (қаз.)
- «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 45-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50-5
- Қабылданған күні
- 18.02.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2017 100390_294637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GK002993
- ЭКБ идентификаторы
- 100390
- Редакция идентификаторы
- 100390_294637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:27
0 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
мөлшерлемелерін және бірыңғай
жер салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы» Шу аудандық
мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы
№ 45-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 444 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы №45-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2845 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 104 аудандық «Шу өңірі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 444 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
аталған шешімнің 1 тармағы алынып тасталсын.
2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.