Құжат мәтініне өту

Об определении размера черты бедности на 4 квартал 2016 года

Бұйрық · № 811 · қабылданған 19.09.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2016-ekb-106508/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении размера черты бедности на 4 квартал 2016 года Қолданыста Бұйрық ·№ 811 ·19.09.2016
19.09.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера черты бедности на 4 квартал 2016 года

Қолданыста Бұйрық ·№ 811 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера черты бедности на 4 квартал 2016 года
Атауы (қаз.)
2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
811
Қабылданған күні
19.09.2016
Көрсетілген редакция
19.09.2016 106508_124508.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014275
ЭКБ идентификаторы
106508
Редакция идентификаторы
106508_124508
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:45

0 2016 жылғы 4-тоқсанға арналған

кедейлік шегінің мөлшерін
айқындау туралы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақша және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5 5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;

6

6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы