Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Камыстинского района от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 40 · қабылданған 09.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2016-no-51-ekb-121457/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Камыстинского района от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Күшін жойған Қаулы ·№ 40 ·09.04.2018
14.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Камыстинского района от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Күшін жойған Қаулы ·№ 40 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Камыстинского района от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
09.04.2018
Көрсетілген редакция
14.04.2021 121457_518780.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NK007732
ЭКБ идентификаторы
121457
Редакция идентификаторы
121457_518780
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:55

0 Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырда «Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі, көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ С. Кстаубаева
2018 жылғы 9 сәуір

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Әкімдіктің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 40 қаулысына қосымша
Әкімдіктің
2016 жылғы 4 сәуірдегі
№ 51 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:

1 1. аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2 2. жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

3 3. карттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4. психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға және мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

6 6. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

7 7. аудандық маңызы бар жұмыспен қамту оратылығы секторының басшысы;

Білім беру саласында:

8 8. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

9 9. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

10 10. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бөлім басшысы;

11 11. мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

12 12. мұғалім-логопед, логопед;

13 13. бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

14 14. кітапхана басшысы (меңгерушісі);

15 15. кітапханашы;

16 16. әлеуметтік педагог;

17 17. мейірбике (мейіргер);

18 18. емдәмдік мейірбике;

19 19. педагог-психолог, психолог;

20 20. тәрбиелеуші;

21 21. тәлімгер;

22 22. музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

23 23. әдіскер (негізгі қызметтердің);

24 24. қосымша білім беретін педагог;

25 25. дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

Мәдениет саласында:

26 26. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысы;

27 27. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

28 28. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының көркемдік жетекшісі;

29 29. музыкалық жетекші;

30 30. аккомпаниатор;

31 31. хореограф;

32 32. барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

33 33. қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

34 34. кітапханашы;

35 35. библиограф;

36 36. барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

37 37. мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

38 38. режиссер; дыбыс режиссері;

Спорт саласында:

39 39. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі, аудандық маңызы бар қазыналық кәсіпорынының басшысы;

40 40. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

41 41. (мамандандарылған) медициналық бике/аға;

42 42. аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;

43 43. жаттықтырушы;

Ветеринария саласында:

44 44. ветеринариялық дәрігер;

45 45. ветеринариялық фельдшер.

Денсаулық сақтау саласында:

46 46. аудандық аурухананың, емханының басшысы;

47 47. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

48 48. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері, бөлім басшылары;

49 49. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

50 50. барлық мамандықтағы дәрігерлер;

51 51. акушер;

52 52. диеталық мейіргер;

53 53. мейіргер;

54 54. қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

55 55. зертханашы (медициналық);

56 56. провизор (фармацевт);

57 57. психолог маман;

58 58. рентген зертханашысы;

59 59. әлеуметтік қызметкер;

60 60. фельдшер;

61 61. медициналық тіркеуші;

Қолданыстағы