Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 129 · қабылданған 04.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2016-no-51-ekb-135065/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Күшін жойған Қаулы ·№ 129 ·04.10.2019
14.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Күшін жойған Қаулы ·№ 129 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
129
Қабылданған күні
04.10.2019
Көрсетілген редакция
14.04.2021 135065_518776.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NK008683
ЭКБ идентификаторы
135065
Редакция идентификаторы
135065_518776
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:18

0 Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әкімдіктің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 қаулысына (2016 жылғы 27 мамырда «Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасында, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы 6, 8, 9, 19, 46, 48-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«6. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
8. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік кабинеттен (орталықтан) басқа); аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық);
9. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары; аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;
19. бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі; педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда); психолог;
46. аудандық аурухананың; аудандық емхананың басшысы;
48. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;».

2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуін;

2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы