О внесении изменений в постановление акимата от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 4 апреля 2016 года № 51 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 129
- Қабылданған күні
- 24.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2021 145154_518772.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NK009347
- ЭКБ идентификаторы
- 145154
- Редакция идентификаторы
- 145154_518772
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:25
0 Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 қаулысына (2016 жылғы 27 мамырда «Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1 – тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қосымшаға сәйкес, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Әкімдіктің
2020 жылғы 24 шілдедегі
№ 129
қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2016 жылғы 4 сәуірдегі
№ 51 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
1 1. Денсаулық сақтау саласында:
1 1) аудандық аурухананың; аудандық емхананың басшысы;
2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;
5 5) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
6 6) акушер;
7 7) диеталық мейіргер;
8 8) мейіргер;
9 9) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);
10 10) зертханашы (медициналық);
11 11) провизор (фармацевт);
12 12) психолог маман;
13 13) рентген зертханашысы;
14 14) әлеуметтік қызметкер;
15 15) фельдшер;
16 16) медициналық тіркеуші.
2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:
1 1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2 2) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
3 3) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4 4) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға және мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5 5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
7 7) аудандық маңызы бар жұмыспен қамту орталығы секторының басшысы.
3 3. Білім беру саласында:
1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік кабинеттен (орталықтан) басқа); аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық);
2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары; аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;
3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
4 4) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;
5 5) мұғалім-логопед, логопед;
6 6) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
7 7) кітапхана басшысы (меңгерушісі);
8 8) кітапханашы;
9 9) әлеуметтік педагог;
10 10) мейірбике (мейіргер);
11 11) емдәмдік мейірбике;
12
12) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі; педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда); психолог;