О внесении изменения в решение Щербактинского районного маслихата от 4 апреля 2016 года № 5/2 «Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Щербактинского районного маслихата от 4 апреля 2016 года № 5/2 «Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 5/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 116/33
- Қабылданған күні
- 28.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2020 117741_473137.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PM005801
- ЭКБ идентификаторы
- 117741
- Редакция идентификаторы
- 117741_473137
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:17
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы
4 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 5/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10–бабына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 5/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5056 тіркелген, 2016 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шарбақты ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібінде:
10–тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«10. Шарбақты ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:
а) Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесімен, Малайсары тархан көшесінен Чкалов көшесіне дейін;
б) Шарбақты ауылы, 1 Май көшесімен, Алимбаев көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін.».