О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 4 марта 2016 года № 67 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области электроэнергетики»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 4 марта 2016 года № 67 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области электроэнергетики»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 29.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2020 114867_458998.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17M0003431
- ЭКБ идентификаторы
- 114867
- Редакция идентификаторы
- 114867_458998
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:01
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2016 жылғы 4 наурыздағы № 67
«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекiту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 757 «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12939 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 192 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15565 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3002 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мынадай мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:
«6-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1 тармағымен толықтырылсын:
«8-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.»;
4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».
2
2. «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Х. Аманбеков) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының энергетика және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ С.Х. Аманбеков
«29» 08 2017 ж.