Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 «Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан»

Бұйрық · № 710 · қабылданған 10.09.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2017-no-414-ekb-134654/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 «Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 710 ·10.09.2019
10.09.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 «Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 710 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 «Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
710
Қабылданған күні
10.09.2019
Көрсетілген редакция
10.09.2019 134654_420782.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019370
ЭКБ идентификаторы
134654
Редакция идентификаторы
134654_420782
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:33

0 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қарулы Күштерде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін ақша қаражатын жоспарлау осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жасалған Қарулы Күштерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспары және Азық-түлік қызметінің техникасымен және мүлкімен қамтамасыз ету жоспары (бұдан әрі – Қамтамасыз ету жоспарлары) негізінде әскери басқару органдарының барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қамтамасыз ету жоспарларын жасау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған әскери басқару органдары азық-түлік қызметтерінің лауазымды адамдары ағымдағы жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей азық-түлікпен қамтамасыз ету басқармасына құрамалардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің азық-түлік қызметтері ұсынатын жылдық есеп-өтінімдерде негізгі және қосымша үлестерді тәуліктік берудің қажетті мөлшеріне өтінім жолдайды.»;
11-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жабдықталушылар үшін ЖТР сатып алу жолымен;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қарулы Күштердегі жабдықталушылар азық-түлік үлестерінің құнын есептеу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштер жабдықталушыларының азық-түлік үлестері құнының есебі пайдаланылады.»;
14-тармақ алып тасталсын;
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету Жабдықтау нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін тамақтандыруды қамтамасыз ету тиісті кезеңге арналып бөлінген бюджет қаражаты лимиттері шегінде Жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамаларының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің асханаларында тамақтандыруды ұйымдастырудың мынадай тәсілдерімен жүзеге асырылады:»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. «Жас ұлан» республикалық мектептерінде оқу жоспарына, мектеп бастығының бекітілген күн тәртібіне сәйкес және тәрбиеленушілердің ниеттерін ескере отырып, бес рет тамақтану ұйымдастырылады.»;
83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Нанды турау, қантты, майды мөлшерлеу және оларды беру үшін осы асханада тамақтанушылар есебінен:
500-ге дейін – 1 адам;
501-ден 1000-ға дейін – 2 адам;
1000-нан астам – 3 адам нан тураушы бөлінеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіп орнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

2019 жылғы «__» _______ №___бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
_______________________________________азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспары
(әскери бөлімнің (мекеменің) атауы)
р/с №
Әс­ке­ри бө­лім (ме­ке­ме)
Қа­ра­уы­л­ға тү­се­тін же­ке құ­рам са­ны
(адам тәу­лі­гіне)
Қа­ра­уыл­да қыз­мет өт­кер­ген кез­де­гі қо­сым­ша үлес (адам тәу­лі­гіне)
Жа­уын­гер­лік ке­зек­ші­лік­ке тү­се­тін же­ке құ­рам са­ны (адам тәу­лі­гіне)
Да­ла­лық шы­ғу­лар­ға тар­ты­ла­тын же­ке құ­рам са­ны (тәу­лік­тік бе­ру жы­лы­на)*
Қо­сым­ша үлес су (тәу­лік­тік бе­ру жы­лы­на)
Түс­кі аспен қам­та­ма­сыз еті­ле­тін офи­цер­лер құ­ра­мы­м­ен ке­лі­сім­шарт бой­ын­ша әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер са­ны
Та­мақ­тан­ды­ру­мен қам­та­ма­сыз ету мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған кез­де жал­пы­әс­ке­ри үле­стің құ­ны мөл­ше­рін­де­гі ақ­ша­лай өте­ма­қы
Жал­пы­әс­ке­ри үлес
Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық үлес
Одан әрі ти­іс­ті нор­ма­лар бой­ын­ша, оның ішін­де қо­сым­ша үле­стер бой­ын­ша
1
00000
2
Же­ке құ­рам са­ны­ның жиы­ны
3
Күн­дер са­ны­ның жиы­ны
Бар­лық тәу­лік­тік бе­ру
1
Бар­лық әс­ке­ри бө­лім­дер­мен ме­ке­ме­лер бой­ын­ша
2
«Сол­тү­стік» өңір­лік қол­бас­шы­лы­ғы
3
Же­ке құ­рам са­ны­ның жиы­ны
4
Күн­дер са­ны­ның жиы­ны
Өңір­лік қол­бас­шы­лық үшін бар­лық тәу­лік­тік бе­ру
1
Бар­лық өңір­лік қол­бас­шы­лық­тар, әс­кер тек­те­рі бой­ын­ша
2
Құр­лық әс­кер­ле­рі
3
Же­ке құ­рам са­ны­ның жиы­ны
4
Күн­дер са­ны­ның жиы­ны
Құр­лық әс­кер­ле­рі үшін бар­лық тәу­лік­тік бе­ру
*далалық шығулар кезінде, оқу-жаттығуларда, маневр жасауда, полигондарда:
роталық-тактикалық оқу-жаттығулар жылына____ рет___ күннен;
батальондық-тактикалық оқу-жаттығулар жылына____ рет___ күннен;
батальонның далалық шығуы жылына____ рет___ күннен;
одан әрі далалық шығулармен іс-шаралар бойынша қамтамасыз етіледі.
Жиыны: _____күн.

1 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

2019 жылғы «__» _______ №___бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
________________________________ азық-түлік қызметін техникамен және мүлікпен қамтамасыз ету жоспары
(әскери бөлімнің (мекеменің) атауы)
Р/с №
Техникалық құралдар (мүлік) атауы
Ұстауға тиіс
Қолда бар
Ескертпе
Барлығы:
1-санат
2-санат
Жөнделуге тиіс
5-санат (есептен шығарылуға тиіс)
3-санат
4-санат

2 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің азық-түлік үлестері құнының есебі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы «__» _______ №___бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің
азық-түлік үлестері құнының есебі

1 1. Азық-түлік үлестерінің құнын қалыптастыру келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті жоспарлау процесінде жүзеге асырылады.

2 2. Осы Есептің 2-тармағында көрсетілген азық-түлік үлестерінің құнын қалыптастыру кезінде мынадай құрамдастар негізге алынады:

1 1) жабдықтау нормаларына сәйкес азық-түлік өнімдерінің тізбесі және олардың мөлшері;

2 2) жабдықтау нормаларына сәйкес азық-түлік өнімдерінің, азықтың орташа жылдық бағасы;

3 3) жоспарлы кезеңге арналған елді әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамының деректеріне сәйкес жоспарланған жылдық инфляцияның деңгейі.

3

3. Азық-түлік өнімдерінің орташа бөлшек бағасы статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес оның ресми сайтында жарияланатын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес айқындалады. Бұл ретте азық-түлік өнімдерінің орташа бөлшек бағасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқорында көрсетілген іс жүзіндегі орташа бағадан аспауға тиіс.
Азық-түлік өнімдерінің жылдық орташа құнының есебі орташа арифметикалық көрсеткішті алу жолымен жүзеге асырылады:
С – азық-түлік өнімінің жылдық орташа құны;
Ц1 – өткен жылдың ақпанына арналған азық-түлік өнімінің құны;
Ц2 – өткен жылдың наурызына арналған азық-түлікөнімінің құны;
Ц3 – өткен жылдың сәуіріне арналған азық-түлікөнімінің құны;
Ц12 – ағымдағы жылғы қаңтарға арналған азық-түлік өнімінің құны.

4

4. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қандай да бір азық-түліктің түріне деректер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен азық-түліктің әлеуетті жеткізушілерінен кемінде үш баға ұсынысы негізге алынады. Осындай жағдайда азық-түлік өнімдерінің орташа жылдық құнының есебі әлеуетті жеткізушілер азық-түлік өнімдеріне ұсынған бағадан орташа арифметикалық көрсеткішті алу жолымен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы