О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 «Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 «Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 568
- Қабылданған күні
- 22.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2020 147811_489003.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021518
- ЭКБ идентификаторы
- 147811
- Редакция идентификаторы
- 147811_489003
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:11
0 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Әскери қызметшілер әскери эшелондар, командалар құрамында және жеке тәртіпте жол жүрісінде:»;
1) далалық әскери эшелондар асханаларынан ыстық тағаммен;
2) азық үлесімен немесе осы паектерге ескертпелерге сәйкес жабдықтау нормаларының рациондарымен қамтамасыз етіледі.»;
91-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер қалыпастыру пунктінде әскери эшелондар барлық жол жүруде нанмен, етпен және басқа да азық-түлікпен қамтамасыз етілмесе, онда әскери эшелондар жетіспеген азық-түлікті жол жүрісінде әскери эшелондар бастықтарының өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймалары немесе әскери бөлімдер арқылы алады. Өтінімдер жазбаша түрде әскери коменданттар арқылы жол жүрісінде әскери эшелон келгенге дейін 10 сағаттан кешіктірмей оларды әскери бөлім немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймасы алатындай есеппен беріледі. Әскери эшелондарға арналған азық-түлік олардың тұрақ орынына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймасы немесе әскери бөлім жеткізеді және оларды беру сенімхат бойынша жүзеге асырылады.»;
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Әскери командалар құрамында және жеке тәртіпте жол жүрісіндегі мерзімді қызмет әскери қызметшілері ыстық тағамды алу мүмкін болмаған жағдайда ЖТР-мен қамтамасыз етіледі.».