О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 «Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 «Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1200
- Қабылданған күні
- 02.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2025 213945_781946.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25B0001200
- ЭКБ идентификаторы
- 213945
- Редакция идентификаторы
- 213945_781946
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:30
0 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер, ұландар, кадеттер, оқу-жаттығу жиындары мен әскери-оқу практикасы кезеңінде әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері, әскери оқу орындарына түсу кезінде әскерге шақырылушылар, оқуға түсу емтихандарын тапсыруға келген және әскери колледждерде казармалық жағдайда болатын кандидаттар, сондай-ақ резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер (бұдан әрі – жабдықталымдағы адамдар) үшін тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін мынадай жағдайда айқындайды:»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Төрт рет тамақтану жоспарланатын авиациялық бөлімдерді, әскери-медициналық мекемелерді және әскери колледждерді қоспағанда, әскери бөлімдерде ыстық тамақ тәулігіне үш рет таңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа дайындалып, беріледі.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Әскери колледжде тамақтандыру оқу жоспарына, әскери колледж бастығы бекіткен күн тәртібіне сәйкес және оқушылардың қалауын ескеріп, төрт рет ұйымдастырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;