Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 4 июля 2017 года № 436 «Об утверждении Правил по оценке тренажерных устройств имитации полета в гражданской авиации»

Бұйрық · № 185 · қабылданған 23.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2017-no-436/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 4 июля 2017 года № 436 «Об утверждении Правил по оценке тренажерных устройств имитации полета в гражданской авиации» Қолданыста Бұйрық ·№ 185 ·23.05.2024
23.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 4 июля 2017 года № 436 «Об утверждении Правил по оценке тренажерных устройств имитации полета в гражданской авиации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 185 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 4 июля 2017 года № 436 «Об утверждении Правил по оценке тренажерных устройств имитации полета в гражданской авиации»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
185
Қабылданған күні
23.05.2024
Көрсетілген редакция
23.05.2024 197072_700975.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034406
ЭКБ идентификаторы
197072
Редакция идентификаторы
197072_700975
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:25

0 «Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15458 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларда:
4-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пайдалануға жарамдылығын айқындау үшін азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау бастапқы, кезеңдік және арнайы бағалау түрінде жүзеге асырылады.
Ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бастапқы бағалау тренажерлік құрылғыны пайдаланылатын орында алғаш орнатқан кезде жүргізіледі.
Тренажердің біліктілік деңгейіне қойылатын стандартты талаптарға жауап беретіндігін куәландыру мақсатында 1990 жылға дейін жүргізілген, мерзімді бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін процедуралық тренажер құрылғысын (FPTD) қоспағанда, ұшуды имитациялайтын тренажер құрылғыларын мерзімді бағалау жыл сайын жүргізіледі
Ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын арнайы бағалау:
тренажердің басқарылу сапасына және онда жүргізілетін ұшу-техникалық сипаттамаларға немесе жүйелерге әсер етуі мүмкін тренажердің аппараттық және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуі елеулі өзгергенде;
тренажер жұмысы бастапқы біліктілік бағалауын жүргізу кезінде қойылатын стандартты талаптарға сәй келмейтінін көрсететін жағдай анықталған кезде;
жоғарырақ біліктілік деңгейін алу үшін тренажерді жаңғырту туралы өтінім алған кезде;
жаңа орынға орын ауыстырғанда;
иесі ауысқанда;
ұзақ мерзім (бір жылдан аса) сөндіріліп тұрғаннан кейін пайдалануға қайта енгізген кезде орындалады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым комиссиясының құрамына мынадай тұлғалар енгізіледі:
1) авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар немесе авиация персоналының куәлігі болған ұшқыш;
2) ұшуды имитациялайтын тренажер құрылғысын аппараттық, бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік модельдеу мәселелері бойынша білікті маман;
3) тренажерге сәйкес келетін әуе кемесінің үлгісінде ұшуды орындауға құқығы бар пилот немесе бұрын тренажерге сәйкес келетін әуе кемесінің үлгісінде рұқсаты болған SFI (synthetic flight instructor) біліктілігі бар тренажердің нұсқаушы-ұшқыш.
Осы тармақта аталған тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы лауазымын атқарады және тренажерлерді бағалау бойынша оқытудан өтеді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның штатында Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адам болмаған жағдайда, тренажерлерді бағалау үшін пайдаланушы тарапынан адам тартылады. Бұл ретте тексерілетін пайдаланушы тарапынан адамды тартуға жол берілмейді. Мұндай адам тренажерларды бағалау бойынша оқытудан өтпейді.
Тренажерге бағалау жүргізу жөніндегі комиссияны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ұшқыш-авиациялық инспекторы басқарады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 (үш) жыл мерзімге берілетін 1990 жылға дейін өндірілген рәсімдік жаттығу құрылғысының (FPTD) сәйкестік сертификатын қоспағанда, Сертификат 1 (бір) жыл мерзімге беріледі.
Сертификаттың қолданылу мерзімі оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәттен бастап айқындалады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы