О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кенсайского сельского округа Зайсанского района от 4 августа 2017 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Кенсай Кенсайского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кенсайского сельского округа Зайсанского района от 4 августа 2017 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Кенсай Кенсайского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 16.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 119078_295780.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VKB05502
- ЭКБ идентификаторы
- 119078
- Редакция идентификаторы
- 119078_295780
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:45
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және
«Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай
ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу
туралы» Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық
округі әкімінің 2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 15 ұсынысы негізінде, Кеңсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Кеңсай ауылдық округіндегі Кеңсай ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 5 «Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5173 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.