О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кенсайского сельского округа Зайсанского района от 4 сентября 2017 года № 7 «Об установлении ограничительных мероприятий крестьянском хозяистве «Агайын» в селе Сарши Кенсайского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кенсайского сельского округа Зайсанского района от 4 сентября 2017 года № 7 «Об установлении ограничительных мероприятий крестьянском хозяистве «Агайын» в селе Сарши Кенсайского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылының «Ағайын» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 16.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 119079_295816.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VKB05503
- ЭКБ идентификаторы
- 119079
- Редакция идентификаторы
- 119079_295816
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:45
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және
«Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылының
«Ағайын» шаруа қожалығына шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы
Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы
4 қыркүйектегі № 7 шешімінің күші жойылды
деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 10 ұсынысы негізінде, Кеңсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Кеңсай ауылдық округіндегі Сарши ауылының «Ағайын» шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 7 «Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылының «Ағайын» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5232 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.